Еуропалық Комиссияның Қазақстандағы Делегациясы қолдауымен «Қазақстандағы саяси диалогтың негізгі құрамдас бөлігі ретінде азаматтық қоғам субъектілері жүзеге асыратын мемлекеттік даму бағдарламаларының мониторингі» жобасы аясында Конкурс туралы хабарландыру.

  • 13 - Қараша, 2024 жыл.

Еуропалық Комиссияның Қазақстандағы Делегациясы  қолдауымен «Қазақстандағы саяси диалогтың негізгі құрамдас бөлігі ретінде азаматтық қоғам субъектілері жүзеге асыратын мемлекеттік даму бағдарламаларының мониторингі» жобасы аясында Конкурс туралы хабарландыру.

                         Құрметті үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері!

«Ақпараттық ресурстық орталық» ҚҚ өңірлердегі мемлекеттік даму бағдарламаларының мониторингі бойынша жобаларды жүзеге асыру үшін азаматтық қоғам ұйымдарына гранттар алуға конкурс жариялайды.

Конкурстың мақсаты: азаматтық қоғамның оқытылған өкілдері жүргізетін қоғамдық мониторинг арқылы Қазақстанның Түркістан, Қостанай, Павлодар және Жетісу облыстарында мемлекеттік даму бағдарламаларын іске асырудың ашықтығы мен тиімділігін арттыру.

Байқау Қазақстан Республикасының аумағында, атап айтқанда, Түркістан, Қостанай, Павлодар және Жетісу облыстарында өткізіледі.

 

Қатысу шарттары:

Қатысуға мемлекеттік бағдарламалардың мониторингі, бағалау және ашықтығын арттыруда тәжірибесі бар, тіркелген ҮЕҰ шақырылады.

Келесі көрсеткен ұйымдарға артықшылық беріледі:

  • бекітілген жобалық аумақтардың бірінде: Түркістан, Қостанай, Павлодар, Жетісу қалаларында мемлекеттік органдармен және басқа да мүдделі тұлғалармен серіктестікте ұсынылған жобаны іске асыруға дайындығы мен мүмкіндігі;
  • жобаға қол жеткізе отырып, кемінде 3 (үш) мемлекеттік даму бағдарламасының (1 – ұлттық жоба/бағдарлама, 1 – салалық бағдарлама, 1 – аумақтық бағдарлама) жобасы шеңберінде сапалы қоғамдық мониторингті ұйымдастыруға және өткізуге дайын болу.
  • мемлекеттік даму бағдарламаларының мониторингі бойынша және мониторинг нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау және ілгерілетуге оқытылған Түркістан, Қостанай, Павлодар және Жетісу облыстарынан дайындалған мамандарды командаға тартуға дайын ұйымдар.

Жобаларға берілетін ең жоғары сома – 10 000 (он мың) еуро

Жобалардың мерзімі: жеңімпаз деп жарияланған сәттен бастап 8 айдан аспайды.

Өтінім беру мерзімі: конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2024 жылдың 15 қарашасы, қабылдаудың соңғы мерзімі – 2024 жылдың 17 желтоқсаны

Конкурсқа қатысу үшін үкіметтік емес ұйым Ұйымдастырушыға осы Қағидаларға № 1 және № 2 қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінім жібереді.

Жобаларды сараптамалық комиссия келесі критерийлер негізінде бағалайды:

•    Таңдалған бағдарлама саласындағы ұйымның тәжірибесі

•    Жоба командасының тәжірибесі мен біліктілігі

•    Жоба мониторингінің тақырыбы нақты анықталған және тұжырымдалған

•    Жобаның жұмыс жоспары логикалық және жақсы әзірленген

•    Жобаның тұрақтылығының әлеуеті бар

•    Ақылға қонымды және үнемді бюджет

•    Жобаны бақылау және бағалау жоспары

•    Жоба көрсеткіштерінің болуы (сандық және сапалық)

Өтінішті қалай беру керек:

Толтырылған өтінімдерді info@civilcenteralmaty.kz.   электрондық пошта мекенжайына жіберіңіз: Өтініш берушілер конкурс нәтижелері туралы электрондық пошта арқылы хабардар етіледі.

Біз ҮЕҰ-ды азаматтық қоғамды нығайту және мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін арттыру үшін күш біріктіруге шақырамыз.

Сұрақтарды түсіндіру үшін байланыс ақпараты:

Ұйымдастыру мәселелері және конкурсқа өтінім беру бойынша сұрақтарыңыз болса info@civilcenteralmaty.kz электронды поштасына жаза аласыз.

Ұйымдастырушы туралы байланыс ақпараты:

Байқауды ұйымдастырушы: «Ақпараттық ресурстық орталық» ҚҚ

Мекен-жайы: 050000, Алматы қаласы, Сәтбаев көш. 30\8, кеңсе. 139, Tengiz Towers тұрғын үй кешені.

Байланыс телефондары:

Грант жобасының жетекшісі: Малик Мусабеков 8 701 758 64 22




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін