Республикалық «ТАҢДАУ» байқауына өтініштер қабылдау

  • 25 - Қыркүйек, 2023 жыл.

Конкурстың негізгі идеясы: Әлеуметтік және қоғамдық өмірге, тәуелсіздіктің қалыптасуына және Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасуына аса құнды үлес қосқан қазақстан ҮЕҰ іс-қимылының жетістіктерін жалпыға таныту.

Конкурстың мақсаты: Тәуелсіздіктің қалыптасуына және Қазақстанда азаматтық қоғамның дамуына елеулі үлес қосқан ҮЕҰ-ды тану.

Сыйлық XI Азаматтық форум өту кезінде табыс етіледі.

Сыйлықпен марапатталған адамға тиісті номинация бойынша «ТАҢДАУ» Республикалық сыйлығының лауреаты» атағы беріліп, атаулы лауреат дипломы және естелік мүсінше табыс етіледі.

2023 жылы сыйлықпен марапаттау  10 номинация бойынша өтетін болады (№1-қосымша). Сыйлықпен марапаттау рәсімі мемлекет пен азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты түрде өтеді.

ТАҢДАУ конкурсының ұйымдастырушылары. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қауымдастық түріндегі «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ.

Қатысу шарттары және қатысушылар. Жеке адамдар, жеке адамдардың топтары, қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, бизнес құрылымдары мен кәсіпорындар, ҮЕҰ, сондай-ақ мемлекеттік органдар сыйлықты алуға ізденушілерді ұсына алады. Сыйлық алуға өтінім көрсетілген нысан бойынша интернет арқылы жазбаша түрде жіберілуі тиіс (№ 2 қосымша). Үміткерлерді іріктеуді конкурстық комиссия жүргізеді.

Марапаттау рәсімі

Өткізу орны: Астана қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 4

Өткізу датасы: 2023 жылғы 19 қазан

Конкурсқа өтінім тапсырудың мерзімі: Өтінімдер 2023 жылғы 25 қыркүйектен бастап 2 қазанға дейін қабылданады.

Қосымшадағы мәліметтерді оқыңыз.




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін