Әлеуетті ақпараттық консультант үшін нұсқаулық
Егер Сізде ақпараттық науқандар мен адрестік жұмыс жүргізу тәжірибеңіз болса, Сіз жастарды дамыту бойынша біздің бірегей бағдарламамыздың бір бөлігі бола аласыз.
Ақпараттық консультанттар бола алады:
- Белсенді тұрғындар
- Жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері
- ҮЕҰ-дың қызметкерлері
- Әлеуметтік жұмыскерлер
- Білім беру және өзге ұйымдардың қызметкерлері
- Бизнес жаттықтырушылар мен консультанттар («Даму», «Атамекен» ҰКП және т.б.)
Ақпараттық консультант болу үшін қажетті:
- Түйіндеменің онлайн нысаның толтыру https://goo.gl/forms/vAKynOyYF5QhWVou1 (орыс тілінде) https://goo.gl/forms/Qvwniisi4S51tzZN2 (қазақ тілінде):
- Ұсынымдарды растау үшін жұмыс берушінің немесе серіктестің байланыс деректерін көрсету
Іріктеу өлшемдері:
- жастармен жұмыс тәжірибесі;
- ақпараттық науқандар мен аутрич-жұмыстар жүргізу тәжірибесі;
- жасы 21-ден 45 жасқа дейін;
- мақсатты аудиторияның қажеттіліктеріне байланысты қазақ/орыс тілін білу;
- белсенді азаматтық ұстаным;
- облыс шегінде сапарларға бару мүмкіндігі;
- негізгі жұмыспен қатар алып жүру мүмкіндігі (мобильдік кесте);
- бейтаныс адамдармен тез байланыс орната білу, ынталандару және өзін-өзі бақылау дағдылары;
- сабырлылық.
Қабылдау процесі:
- Техникалық іріктеу – негізгі өлшемдерге сәйкесуі.
- Көзбе-көз/ телефонмен сұхбат (деректердің нақтылығы және ынталандыру).
- Қоңырау соғу арқылы сәтті/ сәтсіз өту туралы ақпараттандыру.
Ұйымдастырушы әлеуетті үміткермен келісім-шарт жасасудан бас тартуға және жұмысқа орналасуына түсіндірме жасамай жауап бермеуге құқылы.
Ақпараттық консультант өткізеді:
- Осал топтардан шыққан әлеуетті қатысушылардың 150-300-ге жуық үйлеріне бару, әр ауылдық округке бару;
- Жүріп өту мүмкіндігі неғұрлым жоғары орындарда (оқу орындары, дүкендер, дәріханалар, хабарландыру тақталары және т.б.) жарнамалар жабыстыру;
- Бекітілген аумақтың әр ауылдық округінде кем дегенде 1 ақпараттық кездесу өткізу;
- Әлеуетті қатысушыларға жастар жобаларын қалыптастыру және жобалық өтінімді ұсыну бойынша жеке консультациялар (5-20 бастамашыл топ) өткізу. Жобаға мақсатты аудиториядан 20-50 жас адамды тарту.
- Барлық мүдделі тараптарды Жоба туралы ақпараттандыру
- Үйлестірушіге ақпараттық анықтама мен апта сайынғы есепті ұсыну
Ақпараттық консультант не алады?
- Атқарылған жұмыс үшін қаламақы (110 000 теңге, жартылай жұмыспен қамтылумен 40 жұмыс күні, салықты, зейнетақы аударымдарын және көлік шығындарын өтеуді қоса алғанда);
- Аутрич-жұмыс және ақпараттық науқандар өткізу дағдыларын
- Әлеуметтік жобалау дағдыларын
- Адрестік жұмыс бойынша оқыту курсынан өту туралы сертификат
- Қосымша ақыға бағдарлы семинарлардың жаттықтырушысы ретінде тартылу мүмкіндігін
- Ментор болу мүмкіндігін (25 жастан асқан тұлғалар үшін).