Желтоксандықтар арасында минитурнир өткізілді
Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының Патриоттық рух - басты құндылық жобасы аясында "Қайсар Жүрек" Қоғамдық Қорының ұйымдастыруымен "Желтоксан - 86" саябағында желтоксандықтар арасында минитурнир өткізілді.
10 ұйымнан 70-ке тарта желтоксандық қатысты. 10 түрлі ойындардан тұратын минитурнир тартысты әрі көңілді өтті. Жастарға қазақтың салт-дәстүрін білуге, салауатты өмір сүруге тәлім-тәрбиелік жұмыс жүргізілді. Соның ішінде спорттық сайыстар: арқан тарту, жүз метрге жүгіру, қол күресі, дойбы, домино, асық ату және эстафета сияқты ойындар. Барлық жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.