“ALAYAQ.NET” және ҚМА ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚПЕН БІРЛЕСЕ КҮРЕСПЕК

  • 10 - Ноября, 2023 год.

“ALAYAQ.NET” және ҚМА ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚПЕН БІРЛЕСЕ КҮРЕСПЕК


Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының алаңында Қаржы мониторингі агенттігі мен «Медицина Жастары» РҚБ өкілдері Интернеттегі алаяқтық схемалардың алдын алу бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты – жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру, интернеттегі алаяқтық жағдайларының алдын алу, интернет-алаяқтыққа қарсы күресте жастар мен мемлекеттік органдарды, банк секторын жұмылдыру.

Сондай-ақ, іс-шараға Астана қаласы Полиция департаментінің өкілдері:
Криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қалиев Дастан Абдурахимович, Криминалдық полиция басқармасының киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің бастығы, майор Майтқанов Олжас Қуанышұлы және басқа да қызметкерлері белсене қатысты.

Ынтымақтастық шеңберінде тараптар еріктілерді даярлау жұмыстарын, халықтың, оның ішінде жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады.

Айта кетейік, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Медицина жастары» РҚБ алаяқтық схемалардың алдын алу және жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі «Alayaq.net» республикалық жастар қозғалысын ұйымдастырды.
Қозғалыс жетекшісі-Орынбеков Нұрсұлтан @qozhaiyn . Қозғалыс мүшелері еліміздің барлық өңірлерінде қозғалыс белсенділері сауаттылықты арттыруға бағытталған марафондар өткізіп жатыр. Бүгінге дейін марафонға 3500-ден астам адам қосылған.

Естеріңізге сала кетсек, мамыр айында «Alayaq.net» сайты іске қосылған болатын. Оның көмегімен азаматтар интернеттегі алаяқтық фактілері туралы хабарлай алады, «Alayaq.net» республикалық жастар қозғалысының мүшесі атанып, алаяқтықпен күреске өз үлесін қоса алады. Сонымен қатар, «Сарапшы-блогерлер мектебі» аясында блогерлер дайындалды.

Источник: https://www.instagram.com/p/CzMFSIts9lt/?img_index=1




Казахстан, Алматы

Ул.Сатпаева 30/8, офис 139 (ЖК Тенгиз Towers), 1 этаж

+7 (727) 398 95 25

Пн - Пт | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Отправляйте ваши вопросы