«Отбасы институты» әлеуметтік жобасы аясында пресс-конференция өткізілді
«Педагогикалық Ғылымдар Академиясы» қоғамдық бірлестігі Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Отбасы институты» әлеуметтік жобасы аясында 22 қыркүйек күні сағат 17:00-де ZOOM платформасында пресс-конференция өткізілді.
Жастар, жас отбасылар, ата-аналар, педагог және психолог мамандар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Пресс-конференция барысында жоба бойынша аралық есеп беріліп, сенім кабинеттеріне келушілердің өзекті мәселелері талқыланды.
Жоба жетекшісі Құсайынов Асқарбек Қабыкенұлы жоба бойынша атқарылған жұмыстар жайында қысқаша есеп берді.
Жоба менеджері Қоңырова Жұлдыз Бақтыбайқызы Отбасындағы зорлық-зомбылық түрлеріне тоқталып, бұл мәселе бойынша статистикалық мәліметтермен таныстырды.
Алмалы ауданы бойынша сенім кабинеті психологы, тренер Абдрахимова Жадыра Жолдасбекқызы өз баяндамасында девиантты балалардың психологиялық сипаттамасымен таныстырып, оның алдын алу жолдарына тоқталды.
Түрксіб ауданы бойынша сенім кабинеті психологы Кушкенова Айгүл Ізбасарқызы депрессия мәселесі және оның болу себептері жайлы баяндама жасады.