Этномәдени ұйымдар басшыларына, шығармашылық ұйымдар өкілдеріне

  • 8 - Июня, 2022 год.

Этномәдени ұйымдар басшыларына, шығармашылық ұйымдар өкілдеріне


Педагогикалық Ғылымдар Академиясы ү.ж. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы қолдауымен «Жастар арасында мемлекеттік тілді кеңінен танымал ету жөнінде іс-шаралар өткізу» әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда.

Жоба мақсаты: 16-29 жас аралығындағы жастардың шығармашыл топтары арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша әртүрлі форматтағы байқаулар өткізу.

Жоба аясында өткізілетін негізгі іс-шаралар:
1. Шығармашылық ұжым-оркестрлер арасында «Күй құдіреті» байқауы (маусым);
2. «Театр», «Хор» номинациясындағы көркемөнерпаздар фестиваль-байқауы (шілде);
3. Қазақ тіліндегі дебат турнирі (қыркүйек);
4. «Мен қазақ тілін білемін!» қазақ тіліндегі квест-ойын (тамыз);
5. Шығармашылық одақ өкілдерінің жазбаша сауаттылық дағдыларын арттыру курсы
(тамыз).
Ескертпе: Байқауға қатысатын топтың құрамы 5 адамнан кем болмауы керек.
Әр байқаудың жүлде қоры:
1 орын – 300 000 тг;
2 орын – 200 000 тг;
3 орын – 100 000 тг.

Әлеуметтік желіде өткізілетін іс-шаралар:
1. «1001 мақал – 101 жұмбақ» викторинасы (саны – 5, мамыр, маусым, тамыз, қыркүйек, қазан);
2. Қазақ ақындарының өлеңдерін оқудан поэтикалық эстафета (саны – 2, қыркүйек,қазан).
Әлеуметтік желідегі әр байқаудың жүлде қоры: 30 000 тг сомасына сыйлық сертификаты (Меломан).

Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз: Инстаграм: https://www.instagram.com/memlekettik.til/ https://www.instagram.com/kui.kudyreti/
https://www.instagram.com/theatre_chorus/Facebookhttps://www.facebook.com/memlekettik.til/?ref=page_internal

Қосымша ақпарат алу үшін жоба үйлестірушісіне хабарласуға болады:

Ақжамал Машрұпқызы, ватсап: +7 707 830 78 00

 

=====================================

Рассылку осуществил Гражданский центр Алматы 
(ОФ "Информационно-ресурсный центр")
г. Алматы ул. Сатпаева 30/8, офис 139
тел: 8 (727) 398 95 25
тел.: 8(727) 398 94 00
e-mail: info-rc@inbox.ru,
www.civilcenteralmaty.kz 




Казахстан, Алматы

Ул.Сатпаева 30/8, офис 139 (ЖК Тенгиз Towers), 1 этаж

+7 (727) 398 95 25

Пн - Пт | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Отправляйте ваши вопросы