Мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен партияның мәслихаттағы депутаттық фракциясының отырысы өтті

  • 28 - Желтоқсан, 2023 жыл.

Алматыда мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен партияның мәслихаттағы депутаттық фракциясының отырысы өтті

Фракция жұмысының басым бағыты болып табылатын «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған Алматы қ. бойынша Сайлауалды бағдарламасы Жол картасының іске асырылуы қарастырылды.

Бүгінгі таңда Жол картасының 181 тармағының 80-і орындалды, қалған тармақтарды іске асыру 2024-2027 жылдарға жоспарланған.

Бұдан басқа, отырыс барысында Алматы қ. мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттары қызметінің KPI әдістемесі бекітілді.

KPI депутаттардың сайлау алдындағы бағдарламаны іске асыруға қосқан үлесін айқындауға, халықпен кері байланысты арттыруға және ашықтықты қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.

Источник: https://www.instagram.com/p/C1W-Sirifzf/?utm_source=ig_web_copy_link




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін