"Ten Qogam" мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау орталығы таңғы асына шақырады

  • 25 - Желтоқсан, 2023 жыл.

Құрметті журналистер, "Ten Qogam" мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау орталығы сізді баспасөз таңғы асына шақырады: жыл қортындысы және болашаққа жоспарлар. Баспа сөз таңғы асы 2023 жылдың 27 желтоқсанында сағат  11:00 – де  мына мекенжай бойынша өтеді: Алматы қаласы, Достық көшесі 85, Әлеуметтік қызметтер үйі, 5 қабат, конференц - зал.

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау орталығы Алматы қаласында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен 2020 жылдан бастап, ал 2023 жылдан бастап қаланың әрбір ауданында (барлығы 8 Орталық: Алатау, Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу, Наурызбай және Түркісіб аудандарында) жұмыс істейді және бұл жобаны қолжетімді етеді. Орталықтар  2023 жылғы жұмысын қорытындылап, болашаққа жоспарлары туралы айтады. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау орталығы өзінің тиімділігі мен қоғам үшін маңыздылығын дәлелдеді. Кездесуде негізгі жеткен жетістіктер атап өтіліп, жұмыстың қорытындысы шығарылады.

Орталықтар мүгедектігі бар адамдар үшін тегін қызметтер көрсетеді:

  • Құқықтық қолдау: Орталықтар мүгедектігі бар адамдарға және олардың отбасыларына құқықтық көмек көрсету бойынша кеңес беруді белсенді жүзеге асырады;
  • Мүгедектігі бар адамдардың өзін – өзі бағалауын арттыруға және интеграцияның ауқымын кеңейтуге ықпал ететін семинарлар, тренингтер және басқа да іс - шаралар;
  • Жұмыспен қамту: Мүгедектігі бар адамдарды еңбек нарығына бейімдеу маңызды аспект болып табылады. Орталықтар жұмыс берушілермен бірлесіп және мүгедектігі бар адамдардың жұмыс іздеу барысында көмек көрсетті;
  • Білім беру және даму: Орталықтар сонымен қатар мүгедектігі бар адамдарға білім берумен белсенді айналысып Қазақ тілі және Ағылшын тілі, компьютерлік сауаттылық курстарын ұйымдастырды;
  • Психологиялық қолдау: Мүгедектігі бар адамдарға жеке психолог кеңесі трансформациялық ойындар, арт – терапия  және басқа тәсілдерді пайдаланып бірегей әдісті қолдана отырып жүзеге асады. Бұл әдіс қатысушылардың эмоционалды хабардарлықтарын дамытуға, өзін – өзі тануды нығайтуға, өзінің эмоционалдық және психологиялық қиындықтарымен жұмыс жасауға көмек береді.

Орталықтардың мақсаты, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтендіру, қоғамдық шараларға араласуын арттыру және өздерінің кәсіби дағдылары мен құзіреттіліктерін сәтті іске асыруыға жәрдемдесу.

Жобаны Алматы қаласы әкімдігін және Алматы қаласы Жәмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен келесі ұйымдар жүзеге асырады:

  1. Алатау ауданында: «Inclusion» Қоғамдық бірлестігі.
  2. Алмалы ауданында: Мүгедектіге бар адамдар қоғамы : «Кедергісіз KZ» Қоғамдық Бірлестігі.
  3. Әуезов ауданында: «Үміт» саңырау мүгедектерді қолдау орталғы» Қоғамдық қор.
  4. Бостандық ауданында: «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы» Қоғамдық Бірдестігі.
  5. Жетісу ауданында: «Үміт» саңырау мүгедектерді қолдау орталғы» Қоғамдық қор.
  6. Медеу ауданында: «ALTYN TIME» мүгедектер қоғамы» Қоғамдық Бірлестігі.
  7. Наурызбай ауданында: «Inclusion» Қоғамдық бірлестігі.
  8. Түркісіб ауданында: Мүгедектіге бар адамдар қоғамы : «Кедергісіз KZ» Қоғамдық Бірлестігі.

Аккредиттеу үшін телефон арқылы хабарласыңыз +7 777 971 1332, +7 705 630 4678  Аккредиттеу 26 желтоқсан сағат 12:00 - ге дейін WhatsApp бойынша қол жетімді




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін