"Мүмкіндіктер уақыты: заманауи инклюзивті қоғам архетектурасы"

  • 7 - Желтоқсан, 2023 жыл.

Халықаралық мүгедектігі бар азаматтар күнінің құрметіне Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастырумен "Мүмкіндіктер уақыты: заманауи инклюзивті қоғам архетектурасы" атты екінші әлеуметтік форум өтті.

Алматыда өткен әлеуметтік форумда мүгедектігі бар адамдардың өмірі мен инклюзиясына қатысты маңызды сұрақтар қозғалды. Форум қатысушылары, мемлекеттік және үкіметтік емес құрылым өкілдері, сонымен бірге халықаралық эксперттер мүгедектігі бар азаматтардың өмір сапасын жақсарту үшін, арнайы шаралар қабылдау мақсатында өздерінің тәжірибелері мен білімдерін біріктірді. Форумда қаралған маңызды аспектілердің бірі ғимараттарды мүгедектігі бар азаматтарға ыңғайлау және сертификаттау болды. Кез - келген адам қоғам игіліктерін еркін пайдалана алу, бұл инклюзивті қоғамның негізгі қажетті шарттарының бірі.
Мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтендіру мен жұмыспен қамтуға да көп көңіл бөлінді. Оларға әлеуметтік және экономикалық өмірге толық қанды араласуына және дамуына көмек пен мүмкіндік беру - форумда шешімін табуға тырысқан негізгі сұрақтарды болды. Бизнес - инкубатор негізінде ерте дамуды институтаттандыру және инклюзивті жұмыспен қамту форумда қарастырылған маңызды сұрақтардың бірі болды.

Бұл форум баршаға тең мүмкіндіктер мен құқықтар қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам. Ол мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың, және де халықаралық эксперттердің тәжірибе алмасу және ең жақсы жұмыс тәсілдерімен танысудың қажеттілігін көрсетті. Форумда алынған нәтижелер мүгедектігі бар азаматтарға көмек және инклюзияға арналған бағдарламалар мен саясаттың дамуына ықпал етеді. Алай да, бұл шарттардың тәжірибеде іске асуы мен сақталуы маңызды. Тек осындай көзқарас, кез келген адам өз потенциалын ашып және жалпы қоғамның дамуына үлес қосуына мүмкіндік бере алады. Форум осы салада алға жылжу барын көрсететін, сәтті әлеуметтік жобаларды іске асырған белсенді азаматтарды марапаттаумен аяқталды. Алайда, жұмыс әлі біткен жоқ және алда барлығымыздың күш біріктіріп, әрекет етуімізді талап етеді.

Тек осындай көзқарас біздің қоғамның инклюзивті архитектурасына өміршеңдік беріп және айтарлықтай нәтиже алуға көмектеседі.

Источник: https://www.instagram.com/p/C0ZP9B_Cp3x/?utm_source=ig_web_copy_link




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін