“Қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайындағы азаматтық қоғамның рөлі”

  • 30 - Қараша, 2023 жыл.

“Ақпараттық-ресурстық орталық” ҚҚ (Алматы Азаматтық орталығы) Алматы қаласының қоғамдық кеңесімен бірлесіп ағымдағы жылдың 24 қарашасында “Қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайындағы азаматтық қоғамның рөлі” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Бұл тақырып қоғамдық сананың мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдерге, сондай-ақ мемлекет жүргізіп жатқан реформаларға тиімді әсерін көздейтін азаматтық қоғам институттарын жетілдірудің жаңа тәсілдерімен байланысты өзекті мәселелерге арналған.
Аталған диалог алаңында қоғамдық пікірдің жетекші көшбасшылары, сарапшылар, ҮЕҰ басшылары, қоғам қайраткерлері, қоғамдық кеңес мүшелері және басқа да негізгі қатысушылар сөз сөйлеп, ұтымды ой- пікірлерімен бөлісті.
Іс-шараның мақсаты: азаматтық қоғамды жетілдірудің жаңа тәсілдерін енгізу, сондай-ақ олардың өзара іс-қимыл тетіктерін одан әрі жетілдіру мақсатында азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдардың симбиозын құру үшін жағдайлар жасау.
Талқылауға мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғамдық ұйымдар, әлеуметтік кәсіпкерлер, ҮЕҰ өкілдері қатысыты.

Источник: https://www.instagram.com/p/C0DfLNIIQki/?img_index=1 




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін