Алматыдағы тазалық сапасына қатысты сұраныстар үшін WhatsApp арнасы

  • 16 - Қараша, 2023 жыл.

Алматының тазалық сапасына қатысты өтініш қабылдайтын жаңа арна іске қосылды

Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы қалада тазалық сапасына қатысты қала тұрғындарының өтінішін қабылдау үшін Whats Арр арнасын құру туралы хабарлайды.

Мына +7 706 689 88 98 Whats Арр нөміріне қала тұрғындары жолдарды, тротуарларды және қаланың қоғамдық пайдалану орындарын тазалауға ұсыныс немесе шағым жібере алады.

Арнаның жұмыс режимі жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Өтініштерді үлгі бойынша бір мәтіндік хабарламамен жіберу керек:
Өтініш берушінің деректері, байланыс нөмірі (кері байланыс үшін), өтініштің мәні, уақыты мен күні, өтінішке қатысты нақты мекенжайы, бар болса фотоматериал бекіту керек.
Үлгі бойынша жасалмаған өтініштер, кіріс қоңыраулар, сонымен қатар, дыбыстық хабарламалар тіркелмейді. Аулаішілік аумақтар бойынша хабарламалар қабылданбайды.

Источник: https://www.instagram.com/p/CzkkqM_IV1m/?utm_source=ig_web_copy_link




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін