Құрметті Үкіметтік емес ұйымдардың басшылары және өкілдері

  • 14 - Қазан, 2019 жыл.

Құрметті Үкіметтік емес ұйымдардың басшылары және өкілдері

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы 2020 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылатын жобалардың тақырыбын және техникалық сипаттамасын қалыптастыру мақсатында ұсыныстар қабылдауда.

Осы ретте, әлеуметтік жобалар бойынша ұсыныстарыңыз болған жағдайда 2019 жылғы 18 қазанға дейін 2722007@mail.ru электронды поштасына жолдауға болады. Жобалар қоса беріліп отырған үлгіге және шығын сметасына сәйкес қалыптастырылуы тиіс.

Келіп түскен барлық ұсыныстар азаматтық қоғам өкілдерімен жан-жақты талқыланып, өзекті деп танылған жобалар ғана жүзеге асыру үшін құзырлы мемлекеттік органдаға (Басқармаларға) жолданатын болады.




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін