«КЕҰ-ға қатысты ФАТФ 8 ұсынымының қолданылуын түсіндіру»
АНОНС
"Ұлттық және Халықаралық Дамыту Бастамалары Институты" Қоғамдық қоры ("ИНМИР" ҚҚ) КЕҰ басшылары мен өкілдерін 2023 жылғы 20 қарашада Алматы қаласында өтетін "КЕҰ-ға қатысты ФАТФ 8 ұсынымының қолданылуын түсіндіру" семинарына қатысуға шақырады.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде өтеді.
Қысқаша мазмұндама: FATF/ФАТФ (Financial Action Task Force on Money Laundering) - қылмыстық кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында әлемдік стандарттарды әзірлеумен айналысатын үкіметаралық ұйым (АЖ/ТҚҚ)
Қазақстан ФАТФ Еуразиялық тобының мүшесі болып табылады және ФАТФ ұсынымдарын орындау бойынша халықаралық міндеттемелерді өзіне алды. Бір стандарт, 8 Ұсыныс, толығымен КЕҰ-ға арналған.
Семинардың мақсаты: коммерциялық емес секторда ФАТФ ұсынымын іске асыру бойынша ҮЕҰ мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары.
Семинарда ФАТФ деген не және ол неге маңызды орган екендігі, ФАТФ ұсынымдарының мәні неде және бұл Қазақстандағы КЕҰ үшін қандай тәуекелдерге әкеп соғатыны және КЕҰ-да қандай міндеттемелер туындайтыны, сондай-ақ басқа да мәліметтер түсіндіріледі.
Жаттықтырушылар:
Каптаева Айгуль, коммерциялық емес заңнама және азаматтық қоғам саласындағы тәуелсіз сарапшы, ФАТФ ұсынымдарын енгізу сұрақтары мен мәселелерімен айналысатын жаттықтырушы, сарапшы
Ушакова Светлана, "ИНМИР" ҚҚ директоры, жаттықтырушы, коммерциялық емес сектордағы даму жөніндегі сарапшы, гендерлік теңдік жөніндегі сарапшы.
Зинович Татьяна, "Құқықтық саясатты зерттеу орталығы"(LPRC) ҚҚ директоры, ФАТФ ұсынымдарын енгізу сұрақтары мен мәселелерімен айналысатын жаттықтырушы, сарапшы.
Семинарға қатысуға Алматы қ., Шымкент қ., Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарынан ҮЕҰ басшылары мен өкілдері, бухгалтерлері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері шақырылады.
Формат: онлайн және офлайн. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Орындар саны шектеулі!
Өтетін орны: Алматы қ., Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, 113 үй
Күні мен уақыты: 20 қараша (дүйсенбі), сағат 9: 00-ден 18: 00-ге дейін. Жалпы ұзақтығы: 8 сағат.
Өткізу тілі: орыс тілі, бірақ қазақ тіліне аудармасымен
Қатысу тегін, төмендегі сілтеме бойынша алдын ала 11 қарашаға дейін тіркелу қажет
Барлық сұрақтар бойынша "ИНМИР" ҚҚ Асель Крыкбаеваға келесі байланыстар бойынша хабарласыңыз inidi.pf@gmail.com, немесе қоңырау шалу арқылы +7 777 247 99 44 (WhatsApp).