БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
13 желтоқсан 2018 ж. Алматы қаласының азаматтық орталығы «Civil Center Almaty» жобасы аясында «Атамекен» ӨКП бірлесіп 2018-2020 жж. арналған «Рухани жаңғыру» және «Атамекен» кіші бағдарламаларын жүзеге асыру негізінде «ҮЕҰ – «Атамекен» ӨКП – Алматы қаласының мемлекеттік мекемелерінің» іс-шаралар жоспарын талқылау мақсатында «дөңгелек үстел» өткізеді.
«ҮЕҰ – іскерлік қауымдастық – мемлекеттің» өзара ынтымақтастық жүйесін жетілдіру – «дөңгелек үстелдің» әрбір қатысушысының басым міндеттерінің бірі.
Осыған сәйкес, дөңгелек үстел отырысында өзара іс-қимыл және әріптестікке жету мақсатын толық жүзеге асыру үшін «ҮЕҰ - « Атамекен » ӨКП - Алматы қаласының мемлекеттік органдарының» жобасы талқыланады.
Ынтымақтастық пен әріптестікке жету мақсатын толық іске асыру үшін дөңгелек үстелде «ҮЕҰ - « Атамекен » ӨКП - Алматы қаласының мемлекеттік органдары» іс-шаралар жоспарының жобасы, яғни өткен «дөңгелек үстелде» қызу талқыланған үш жақтың өзара іс-қимылын күшейту бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар талқыланады. Сондай-ақ, «Атамекен» кіші бағдарламасы және «Рухани жаңғыру» бағдарламаларының серіктестігі негізінде «ASAR» платформасының жұмысына негізделген бірлескен іс-қимылдарды қарастырады, атап айтқанда, әлеуметтік бастамалар мен жобаларды қаржыландыру рәсімдері және жаңа өзара әрекеттесу форматы талқыланады.
Осыған байланысты Сіздерді дөңгелек үстелге қатысуға шақырамыз.
Іс-шара өтетін күні: 13 желтоқсан 2018 ж.
Өткізілетін уақыты: 15.00 – 17.00 (қатысушыларды тіркеу сағ.:14.30 басталады)
Өткізілетін орыны: Алматы қаласы, Байтұрсынова көшесі, 22 к1 (Гоголя қиылысы), 1 қабат, мәжіліс-зал.
Семинарға қатысу үшін келесі ақпраттарды жолдап, тіркелу қажет: қатысушының Т.А.Ж., жұмыс орыны, лауазымы, байланыс деректері civilcenter@inbox.ru эл. мекенжайына, немесе 8(727)3 410 411 телефонына қоңырау шалып, 13 желтоқсан сағ. 12.00-дейін (Астана уақыты бойынша)қоса алғанда өтінімдерді жолдауды өтінеміз.