Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу
Мемлекеттік басқару жүйесі үшін талантты жастарды анықтау және тарту мақсатында Президенттік жастар кадр резервіне кезекті үшінші іріктеу жоспарлануда.
⠀
Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, қазақ тілін меңгерген (В1 деңгейінен төмен емес) Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.
⠀
Биыл іріктеу келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты, агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау, сыртқы саясат және инвестициялар, экономикалық және қаржылық саясат, цифрландыру, әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам.
⠀
Іріктеу 6 кезең бойынша өткізіледі:
- Құжаттарды қабылдау;
- Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;
- Ситуациялық тапсырмаларды шешу;
- Құзыреттерді бағалау (Assessment center және HR-сұхбат);
- Сарапшылық комиссияда әңгімелесу;
- Ұлттық комиссия отырысы.
⠀
Іріктеу қорытындысы бойынша 50 кандидат резервке алынады. Жеңімпаздар ағымдағы жылғы желтоқсанда жарияланады.
Өтінімдерді қабылдау 1 қыркүйектен 30 қыркүйекке дейін https://pkrezerv.gov.kz/ сайтында
Источник: https://www.instagram.com/p/Cwg89tLtsHV/