«Әлеуметтік медианы оңтайландыру форматтары»
21 маусым 2019 ж. Алматы Азаматтық Орталығы («Ақпаратты-ресурстық орталығы» ҚҚ), «Civil Center Almaty» жобасы шеңберінде Алматы қаласының коммерциялық емес ұйымдарының басшылары мен өкілдеріне арналған «Әлеуметтік медианы оңтайландыру форматтары» тақырыбымен оқу-әдістемелік семинар жүргізді.
Жаттықтырушы: Әлімжанова Айкерім Болатқызы – медиатренер, мультимедиа маманы, PhD докторант
Тақырыптың өзектілігі:
Заманауи БАҚ қызметінде әлеуметтік желілер мен коммуникациялық құралдарды тиімді қолданудың маңызы зор. SMM, SEO оңтайландыру жолдары айтылады. Күрделі ақпаратты қабылдауға жеңіл, әрі көрнекі құралдар ұсынылады.
Семинардың мақсаты: Смарт технологиялар көмегімен, ақпаратты жылдам әрі сауатты жеткізудің әдіс-тәсілдерін қарастыру.
Семинар бағдарламасы:
- заманауи БАҚ жұмысында әлеуметтік медианы және байланыс құралдарын пайдалану;
- ақпаратты тез және дәл жеткізуге арналған жолдарды қарастыру;
- SMM SEO-ны рационализациялау жолдары.
- Кешенді ақпаратты алу үшін әдістемелер мен көрнекі құралдарды ұсыну және т.б.