«Әлеуметтік желілер арқылы жарнама: пайдалы құралдары, мазмұны, стратегиясы»

  • 4 - Маусым, 2019 жыл.

4 маусым 2019 ж. Алматы Азаматтық Орталығы («Ақпаратты-ресурстық орталығы» ҚҚ), «Civil Center Almaty» жобасы шеңберінде Алматы қаласының коммерциялық емес ұйымдарының басшылары мен өкілдеріне арналған «Әлеуметтік желілер арқылы жарнама: пайдалы құралдары, мазмұны, стратегиясы» тақырыбымен оқу-әдістемелік мастер-класс жүргізді.

DSC07233

Тренер: Қазыбек Әлтайұлы Шайх, тренер, бизнес-кеңес беруші «ӘММ кәсіби қызмет көрсетушілердің ұлттық қауымдастығы» ЗТБ мүшесі

Тақырыптың өзектілігі:

Бүгінгі күні әлемде 100-ден астам әлеуметтік желілер бар. Олардың ішінде ең танымал - Vkontakte, Instagramm, Facebook. Қандай әлеуметтік желілерді пайдалану тиімді және қандай мақсаттар үшін? Ғаламтор кеңістігінің жоғары динамикасын ескере отырып, әзірлеушілер үнемі әлеуметтік желілерді пайдаланушыларға жаңа ыңғайлы және тиімді құралдармен қамтамасыз етеді, бұл, әлеуметтік желілерде пайдаланушылар мен олардың абоненттері туралы хабардарлықты және қызығушылықты арттыру үшін ұйымдардың жетекшілері мен SMM мамандары мен блогерлері үшін пайдалы болып табылады.

Семинардың мақсаты: насихаттау және ақпараттандыру саясатын сауатты түрде қалыптастыру механизмін түсіндіріп, коммерциялық емес ұйымдарды және әлеуметтік жобалар мен қызметтерді насихаттау үшін көрермендерді қалай қамтуға болатындығы туралы практикалық кеңес беру.

Семинар бағдарламасы:

  • Трендті анықтау
  • Блогерлер-қолөнершілер (арнайы өнімдерді насихаттау)
  • Талдау, шағын гаджеттер мен фильтрлер
  • Пайдаланушылармен өзара әрекеттесу
  • Контентті оңтайландыру



Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін