«Біргеміз: Білім» волонтерлерді жинап жатыр

  • 18 - Тамыз, 2023 жыл.

Халықтың әртүрлі топтарының цифрлық, қаржылық, тілдік, компьютерлік сауаттылығын арттыру курстарын өткізу бойынша волонтерлік көмек көрсету мақсатында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі қазақстандықтарды «Birgemiz: Bilim» жалпыұлттық жобасына қатысуға шақырады.
⠀
Жоба аясында іріктелген 2 мың адам волонтерлік қызмет бойынша курстардан өткеннен тілдік, қаржылық, компьютерлік, құқықтық сауаттылықты арттыру және халықтың өмірлік дағдыларын жетілдіру бағытында шеберлік сағаттары мен тренингтерді өткізетін болады.
⠀
Жалпыұлттық жобаға қатысу үшін 14 жасқа толған азаматтар Instagram-дағы келесі парақшаларға өтінім қалдыруы қажет: @birgemiz.bilim2023, @jasulan_qz.
Айта кетейік, халықтың әртүрлі топтарын цифрлық, қаржылық, тілдік, компьютерлік сауаттылығын волонтерлік көмек көрсету арқылы арттыру жөніндегі «Birgemiz: Bilim» жалпыұлттық жобасын ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі іске асыруда.




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін

Telegram