«Ұйымның (КЕҰ) іс-қағаздарын сауатты жүргізу және жұмыс берушінің жауапкершілігі»
23 мамыр 2019 ж. Алматы Азаматтық Орталығы («Ақпаратты-ресурстық орталығы» ҚҚ), «Civil Center Almaty» жобасы шеңберінде Алматы қаласының коммерциялық емес ұйымдарының басшылары мен өкілдеріне арналған «Ұйымның (КЕҰ) іс-қағаздарын сауатты жүргізу және жұмыс берушінің жауапкершілігі» тақырыбымен оқу-әдістемелік семинар жүргізді.
Жаттықтырушы: Мадина Эдуартқызы Садықова, бизнес жаттықтырушы, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы бойынша жетекші сарапшы, менеджмент және кадрлік іс-қағаздарын жүргізу HR, кеңес беруші
Тақырыптың өзектілігі:
Есеп беру - ұйымды басқарудың негізгі компоненттерінің бірі. Құжаттардың айналымы және құжаттарды құзыретті жүйелендіру (әрине, әрбір жағдайда ұйымның жарғылық қызметіне қарай түзетілуі мүмкін) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында айқындалған белгілі бір талаптар мен нормаларға сәйкес келуі тиіс.
Семинардың мақсаты: еңбек қатынастарын құжаттандырудың құқықтық негіздерін нақтылау.
Семинар бағдарламасы:
Кеңсе жұмысының және жұмыс үрдісінің жалпы түсініктері
- Қазақстан Республикасындағы құжаттаманың типтік ережелері
- Құжаттардың сақталуы мен істердің номенклатурасының мерзімі
- Құжаттарды сыныптау және тіркеу
- Кіріс және шығыс хат-хабарлар
Кадрларды есепке алу және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негіздері
- Еңбек шарты, мазмұны, еңбек шартының шарттары, еңбек шартын жасасу, түзету, тоқтату
- Жұмыс берушінің ішкі құжаты
- Қазақстан Республикасындағы электрондық еңбек биржасы және т.б.