«Жастармен бірге» республикалық байқауы
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының алаңында қоғам белсенділері «Жастармен бірге» республикалық конкурсының басталғаны туралы хабарлады. Байқауды «Ules» жобасын іске асыру аясында «Алматы Студенттер Альянсы» корпоративтік қоры ұйымдастырды.
Конкурсқа қатысу үшін ulesqos.kz сайтында тіркелу қажет. Конкурсқа әр облыстан кемінде 10, республикалық маңызы бар қалалардан кемінде 5 топ қатыса алады. Әр топ кем дегенде 15 адамнан құралуы қажет. Әр топтың құрамында 14 пен 35 жас аралығындағы өңір жастарымен қатар мемлекеттік органның өкілі болуы тиіс. Бұл ауыл немесе аудан әкімдері, әкімдердің орынбасарлары, сондай-ақ жастар саясаты басқармаларының басшылары болуы мүмкін.
«Жастармен бірге» республикалық конкурсына өтінімдер 14-23 тамыз аралығында zhastarmen.birge@gmail.com. электрондық поштасында қабылданады.
Аймақтардағы конкурсқа жауапты тұлғалардың байланыс нөмірлері мен қосымша ақпарат ulesqos.kz сайтында қолжетімді.