Қазақстанның ХІ Азаматтық форумы «Әділетті Қазақстан: баршаға және әркімге – азаматтық қоғам дамуының басты векторы» тақырыбында
Биыл «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін – азаматтық қоғам дамуының басты бағыты» тақырыбында Қазақстанның XI Азаматтық форумы өтеді. Қазақстанның XI Азаматтық форумы аясында өңірлерде тақырыптық өңірлік форумдар өтуде.
Бірінші өңірлік Азаматтық форум 25-26 мамырда Талдықорған қаласында Жетісу облысының «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері мен перспективалары» тақырыбында өтті
23 маусымда Алматы қаласында «Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру: заманауи сын-тегеуріндер және оларды азаматтық қоғамның шешу мүмкіндіктері» тақырыбында өткен екінші өңірлік Азаматтық форум
14 шілде Орал қаласында «Инклюзивті мемлекеттік саясат: азаматтық қоғамның үлесі» тақырыбындағы Батыс Қазақстан облысының өңірлік Азаматтық форумы өтті. Өңірлік форум жұмысына республикалық, облыстық деңгейдегі үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдері, саяси партиялар, діни бірлестіктер мен бизнес өкілдері, әртүрлі деңгейдегі депутаттар, жалпы 100-ге жуық адам қатысты.
11 тамызда Қостанай облысының «Халықаралық серіктестік: өңірлік аспект» тақырыбында өңірлік форум өтті. Форумның мақсаты - азаматтық қоғам өкілдерінің еліміздегі халықаралық ұйымдармен, дипломатиялық өкілдіктермен ынтымақтастығының мүмкіндіктері мен оң тәжірибесін белгілеу, өзекті мәселелер мен перспективаларды айқындау
Келесі Өңірлік Азаматтық форум Алматы облысында өтеді. Алдағы форум туралы толық ақпаратты Қазақстанның Азаматтық Альянсы парақшасында жариялаймыз. Жаңалықтардан қапы қалмаңыз!
Источник: https://www.instagram.com/p/Cv4DaSds-BY/?img_index=1