ҮЕҰ-мен онлайн кездесу

  • 14 - Тамыз, 2023 жыл.

Қордың ұйымдастырған Ұлттық қайырымдылық бойынша конференциясының аясында 15 тамызда сағат 15:00-де Қордың қызметін, іске асырып жатқан қайырымдылық бастамаларын, сондай-ақ қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылау бойынша коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өтеді.

Zoom-кездесу барысында «Қазақстан халқына» қорының Басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева Конференцияның міндеттері мен жоспарланған іс-шаралар туралы айтып, қазақстандық қоғам белсенділерінің сұрақтары мен ұсыныстарына жауап береді.

Кездесуге қатысу үшін келесі деректерді - ұйымның атауын, қатысушының аты-жөнін және лауазымын ngo@qazaqstanhalqyna.kz электрондық поштасына жіберу қажет. Содан кейін сізге жиынға қатысу сілтемесі жіберіледі.

Естеріңізге сала кетейік, осы аптада денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, білім беру, спорт және мәдениет сияқты бес негізгі саланы қамтитын тақырыптық онлайн zoom-кездесулер басталады.

Источник: https://www.instagram.com/p/Cv6TzeyosXL/




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін