Азаматтық альянс Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы
2023 жылы 8 тамызда Алматы Азаматтық Альянсының жұмысы шеңберінде Азаматтық Альянстың Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы ұйымдастырылды, ол фасилитация форматында офлайн режимінде өтті. Отырысқа Алматы Азаматтық Альянсының Үйлестіру кеңесінің мүшелері, Алматы ҮЕҰ басшылары, Алматы Қоғамдық кеңесінің мүшелері мен сарапшылары, азаматтық белсенділер қатысты. Фасилитациялық сессияға Алматы қаласының бір мандатты округі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Дәулетұлы Стамбеков қатысты.
Фасилитацияда азаматтық қоғамды дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Фасилитацияға қатысушылар Алматы қаласының негізгі проблемаларын анықтап, оларды шешудің мүмкін жолдарын ұсынды. Фасилитация қорытындысы бойынша альянстың болашақ іс-шаралары бойынша нақты міндеттерді шешуге бағытталатын жол картасының матрицасы әзірленді.
Сондай-ақ, қала халқы үшін өзекті мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу бойынша жұмыс топтарын құру, фокус топтарда Алматы Азаматтық Альянсы қызметінің негізгі бағыттарын талқылау жоспарлануда.