Акция «Jas Almaty»
Алматыда Жастар күніне арнайы жеңілдіктер беретін "Jas Almaty" акциясы іске қосылады
Мейрамханалар, кафелер, дүкендер мен демалыс орындары Халықаралық Жастар күніне орай 14 пен 35 жас аралығындағы адамдарға арнайы жеңілдіктер ұсынады. Акцияны Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы, Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының, Алматы қаласы туризм басқармасының, Алматы қаласы еріктілер фронт-офисінің, Жастар ресурстық орталықтары мен "Атамекен" ҰКП, Көк-Төбе, Шымбұлақ ТШК және СОО қолдауымен ұйымдастырды.
Мәселен, "Jas Almaty" акциясы аясында 11 тамызда "Көк-Төбе" фуникулерлерімен жүруге 14 жастан 35 жасқа дейінгі адамдар үшін 20% жеңілдік беріледі. 14 тамызда сағат 09.00-12.00 аралығында Шымбұлақ ТШК-да фуникулерлермен тегін жол жүру ұсынылады.