«URKER» - 2023 ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

  • 10 - Тамыз, 2023 жыл.

«URKER» - 2023 ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ


Баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтайтын «URKER» – 2023 Ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау басталды.

Байқауға медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық, өңірлік және халықаралық радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар қатыса алады.

Өтінім қабылдау 2023 жылғы 9 тамыздан бастап 4 қыркүйекке дейін жалғасады.

Конкурcтық жұмыстар 2022 жылғы 25 қыркүйек пен 2023 жылғы 8 тамыз аралығында мерзімдік басылымдарда, интернет-ресурста жариялануы не радиоэфирде шықан болуы тиіс.

Әр үміткер байқаудың тек екі номинациясына қатыса алады (екеуден артық емес).

Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 12 номинация бойынша қабылданады:

1. Жылдың үздік сұхбаты
2. Жылдың үздік репортажы
3. Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал
4. Жылдың үздік журналистік зерттеуі (Сейдахмет Бердіқұлов атындағы арнайы номинация)
5. Жылдың үздік аналитикалық материалы
6. Жылдың үздік жаңалықтар порталы
7. Радиостанциядағы үздік жоба
8. Жылдың үздік фотосуреті
9. Үздік өңірлік БАҚ
10. Үздік халықаралық БАҚ (баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы)
11. Үздік подкаст
12. Үздік YouTube каналы

Биыл байқауға жаңа 3 аталым қосылды. Енді әріптестеріміз «Үздік подкаст», «Үздік YouTube арнасы» және «Үздік халықаралық БАҚ» номинациялары бойынша бақ сынай алады. «Үздік халықаралық БАҚ» номинациясына шетелдік қазақ тілді БАҚ қатыса алатынын атап өтеміз.

Бәйгеге түсетін жұмыстарды (материалдарды) белді журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері мен халықаралық медиа сарапшылар – байқаудың тәуелсіз қазылар алқасы бағалайтын болады.

Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның үздігіне – жеңімпаз атағы беріліп, «URKER» - 2023 естелік мүсіншесі мен 1 000 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйақы табысталады.

Ұлттық бәйге ұйымдастырушылары - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры.




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін