ALAYAQ.NET: Қазақстандықтар интернеттегі алаяқтық жағдайлары туралы хабарлай алады

  • 17 - шілде, 2023 жыл.

АНОНС

Қазақстанда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен республикалық «Alayaq.net» жастар қозғалысы қарқын алуда. Ол жастардың қаржылық сауаттылығын арттыруға, интернеттегі алаяқтық жағдайларының алдын алуға, интернет-алаяқтыққа қарсы күресте жастар мен мемлекеттік органдарды, банк секторын жұмылдыруға бағытталған.
⠀
2024 жылдың соңына дейін іске асырылатын жоба шеңберінде «Медицина жастары» қоғамдық бірлестігі алаяқтық схемалардың алдын алу және жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі «Alayaq.net» интернет-порталының жұмысын ұйымдастырды.
⠀
Интернет-порталға кірушілердің назарына өзіңізді алаяқтардан қорғанудың жолдары туралы пайдалы ақпарат, түрлі алаяқтық схемаларды әшкерелейтін бейнероликтер ұсынылған. Мұнда адал блогерлердің тізімдерімен танысуға да болады. Сондай-ақ, белгілі бір инфлюенсердің қара тізімде бар-жоғын тексеру мүмкіндігі де қарастырылған.
⠀
Жоба туралы толық ақпаратты «Alayaq.net» сайтынан білуге болады.

 

#CISCkz #ЦПГИкз #грантыдляНПО #поддержкаНПО #ҮЕҰқолдау #ҮЕҰгранттары




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін

Telegram