Мобильные общественные пространства будут созданы в казахстанских селах

  • 30 - Маусым, 2023 жыл.

АНОНС

Атырау, Түркістан облыстары мен Алматы қаласында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Жастар кеңесітігі» жобасы іске асырылып жатыр. Жоба шеңберінде «Әлеуметтік жобалар қоры» КҚ мобильді қоғамдық кеңістіктерді құрады, отбасылық-танымдық демалысты ұйымдастырып, дәріптейді.

Қоғам белсенділері ауыл жастарын бағдарламалау, мобилография, СММ, актерлік шеберлік сияқты сұранысқа ие мамандықтарға, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларына оқытады. Жалпылай алғанда, Түркістан және Атырау облыстарына қарасты 10 ауылдың 200 - ден астам жас тұрғынын оқыту курстарымен қамту жоспарланған.

Қысқа мерзімді оқыту курстарынан алғашқы болып Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Миялы ауылының жастары өтеді. Мұнда мобильді қоғамдық кеңістіктер 1-3 шілде аралығында жұмыс істейді.

Ал отбасылық мәдени демалысты насихаттау мақсатында қоғам белсенділері балалар мен жасөспірімдер үшін «Музейдегі түн», кино кештері сияқты іс-шаралар, сыни ойлауды дамытуға арналған пікірсайыс үйірмелерін ұйымдастыруға ниетті.
Айта кетейік, «Жастар кеңестігі» жобасы 2024 жылдың соңында аяқталады. Жоба туралы толық ақпарат пен жаттықтырушылардың кестесі «Jastar.Kenistigi» Instagram-парақшасында.

#CISCkz #ЦПГИкз #грантыдляНПО #поддержкаНПО #ҮЕҰқолдау #ҮЕҰгранттары




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін