Құрметті қазақстандық әріптестер, сіздерді «Орталық Азиядағы әлеуметтік инновациялар» бағдарламасы аясындағы «Инновациялық шешімдер» гранттық байқауына қатысуға шақырамыз.
Бұл байқауда келесі бағыттар бойынша жобалық идеяларға басымдық беріледі:
•Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алуға көмектесетін мемлекеттік бағдарламалардың қоғамдық бақылауы
• Демократиялық құндылықтарды, заң үстемдігін және сөз бостандығын ілгерілету үшін жаңа технологияларды, өнер мен БАҚ-ты қолдану
• Азаматтық қоғам ұйымдары немесе бастамашыл топтары арасындағы ынтымақтастықты дамыту және нығайту
Өтінімді қазақстандық бастамашыл топтар мен тіркеуден өткен азаматтық қоғам ұйымдары беруге құқылы.
Жобаның ұзақтығы 10 айға дейін болуы керек.
Мүдделі үміткерлер өтінімдерін 2023 жылдың 25 маусымына дейін Алматы уақытымен 23:45-тен (GMT+6) кешіктірмей ЕҚ Гранттарды басқару платформасы арқылы жіберуі керек. (Кіру коды/Access code: KAZISG12)
Толығырақ ақпаратты профиліміздің тақырыбындағы сілтеме бойынша таба аласыз