20-21 июня 2023 года в Астане проходит Международный форум волонтеров.

  • 20 - Маусым, 2023 жыл.

Астанада 2023 жылғы 20-21 маусымда Халықаралық волонтерлер Форумы басталды.


Форумның мақсаты - волонтерлік қозғалысты қолдау және дамыту, волонтерлік қызметтегі қазақстандық тәжірибені таныстыру және елдің халықаралық сахнадағы жағымды имиджін қалыптастыру, сонымен қоса волонтерлердің статусын арттыру, ынтымақтастық пен өзара әрекеттесуді нығайту.


Форум аясында волонтерлердің қызметіне қатысты түрлі салалар талқыланады. Атап айтқанда, «Әлеуметтік волонтерлік және инклюзия», «Білім беру мен цифрландырудағы волонтерлік бастамалар», «Тұрақты даму мақсаттарын іске асырудағы волонтерлік үлесінің құндылығы мен маңыздылығы», «Жасыл із: волонтерлердің экологиялық проблемаларды шешуге қосқан үлесі» және басқа сессиялық алаңдар ұйымдастырылды.
Сонымен қоса, мастер кластар, питчинг өтті.


Жалпы, Форум жұмысына 34 елден 40 спикер, жалпы 400-ден астам адам қатысты. Оның ішінде 140 халықаралық ұйымдардың өкілдері мен шетелдік қатысушылар бар.




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін