Онлайн встреча с IT-специалистом и предпринимателем из Швейцарии пройдет для НПО

  • 20 - Маусым, 2023 жыл.

ХАБАРЛАНДЫРУ

Инклюзивті әлеуметтік жобалар мен бастамаларды іске асыруды қолдау мақсатында 21 маусымда Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының базасында швейцариялық IT-маман әрі кәсіпкер, сондай-ақ Dybuster компаниясының негізін қалаушы Кристиан Вегелимен кездесу өтеді.
⠀
Оның компаниясының математика мен жазуды оқытудың инклюзивті әдісіне қатысты шешімі бүгінде Швейцариядағы, Нидерландыдағы, Оңтүстік Америкадағы, Германиядағы және басқа елдердегі мемлекеттік мектептер жүйесінде кеңінен қолданылып жүр.
⠀
Іс-шара барысында шетелдік қонақ оқу процессінде қиындықтарға тап болатын адамдарды қолдауға арналған әртүрлі құралдарды әзірлеу тәжірибесі туралы, соның ішінде дислексияға шалдыққан балаларға көмек көрсететін Dybuster жобасы туралы айтып береді.
⠀
Орталық ҮЕҰ өкілдерін Орталықтың Facebook парақшасында көрсетілетін кездесуге қатысуға шақырады.
Басталуы сағат 17:30-да.




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін

Telegram