«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс: негізгі мазмұны, заманауи талаптары» тақырыбындағы оқу-әдістемелік семинар

  • 17 - Ақпан, 2023 жыл.

 

АНОНС

Алматы Азаматтық орталығы («Ақпараттық-ресурстық орталық» ҚҚ)

ҮЕҰ басшылары мен өкілдерін

«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс: негізгі мазмұны, заманауи талаптары»

тақырыбындағы оқу-әдістемелік семинарға қатысуға шақырады

 

Іс-шара Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қаржылай қолдауымен өткізілуде.

 

Қысқаша сипаттама:

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс (МЭТ) – әлеуметтік саладағы міндеттерді шешуге бағытталған, үкіметтік емес ұйымдар бюджет қаражаты есебінен орындайтын әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға жүзеге асыру үшін берілген функцияларын іске асыру нысаны. (Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі N 36 Заңына қарасты).

Семинарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың негізгі заңнамалық базасымен қатар сапалы жобалық өтінімнің өлшемдері мен талаптарын талданады. ҚР Мемлекеттік сатып алу порталымен жұмыс істеудегі өзгерістер мен жаңашылдықтар туралы айтылады.

 

Семинардың мақсаты: ҚР Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысымен (МӘТ) көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алудың нормативтік-құқықтық базасын түсіндіру.

 

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылады:

  • Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың конкурсқа қатысу процесін құқықтық реттеу;
  • Конкурсқа қатысуға әлеуетті өнім берушілер берген өтінімдерді бағалау критерийлері;
  • Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс Стандартына (МӘС) сәйкес әлеуметтік жобаны іске асыру ерекшеліктері;
  • ҮЕҰ үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу порталымен (goszakup.gov.kz) жұмыс істеу негіздері;
  • Сұрақтар мен жауаптар.

Семинардың тренерлері: Александр Братенков - Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобаларының мониторингі бойынша (ҚР АҚДМ сертификаты бар), 2012 жылдан бастап жобалау қызметі бойынша тәжірибесі мол маман, «Қоғамдық жоба» мекемесінің басшысы және Оксана Дедович - Алматы Азаматтық орталығының консультанты болады.

Семинарға қатысуға ҮЕҰ басшылары мен өкілдері, жобалау менеджерлері/үйлестірушілері, азаматтық белсенділер және басқа да мүдделі тұлғалар шақырылады.

Өткізу нысаны: офлайн түрде

Күні мен уақыты: 22 ақпан (сәрсенбі), сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін. Жалпы ұзақтығы: 3 сағат.

Өткізілетін орны: Алматы қ., Сәтпаев к-сі 30/8, 139 кеңсе (Тенгиз Тауэрс ТК), 1 қабат, Алматы Азаматтық орталығының конференц-залы

Өткізу тілі: орыс тілінде

Қатысу тегін, сілтеме арқылы немесе телефон 8747 627 59 10 (WhatsApp) арқылы алдын ала тіркелу қажет

 

Өтінімдерді 21 ақпан, 17.00-ге (Астана уақыты) дейін жолдауыңызды сұраймыз.

 

Барлық сұрақтар бойынша Алматы қалалық азаматтық орталығына info@civilcenteralmaty.kz мекенжайы бойынша немесе 8 (727) 398 95 25, 8 747 627 59 10 (WhatsApp) телефондары арқылы хабарласуға болады.

 




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін