"Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күреске арналған шығындарды талдау және бағалау" зерттеуінің алдын ала нәтижелерінің тұсаукесері өтеді

  • 25 - Қараша, 2022 жыл.

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
 

2022 жылғы 29 қараша Алматы қаласында Әлеуметтік қызметтер үйі, Достық даңғ. 85 мекенжайы бойынша "Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күреске арналған шығындарды талдау және бағалау" зерттеуінің алдын ала нәтижелерінің тұсаукесері өтеді.
Зерттеу ұйымдастырушылары: Қазақстандағы Фридрих Эберт Қорының өкілдігі, "Дағдарыс орталықтарының одағы" ЗТБ және "Zertteu Research Institute" қоғамдық қоры.

 

Бүгінгі таңда Қазақстанда "тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы" ҚР заңы қабылданған, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер стандарттары бар, сондай-ақ балалары бар зардап шеккен әйелдерге оңалту қызметтерін көрсететін және оларды қоғамда әлеуметтендіретін дағдарыс орталықтарының желісі дамыған. Алайда, соңғы бес жылда тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы қылмыстар статистикасы екі еседен астам өсті, бұл тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресудің неғұрлым қатаң шараларының қажеттілігін көрсетеді. Қазақстан бойынша орташа есеппен 1000 тұрғынға шаққандағы алты өтінішке полицияға әкімшілік жауапкершілікке тартудың екі фактісі ғана тіркелген, бұл қандай да бір себептермен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жазасыздығын көрсетеді. 2021 жылы Қазақстан бойынша 102 пультіне тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша 114 мың қоңырау келіп түсті, полиция тұрғысынан зорлық-зомбылықтан қорғау мақсатында 81,6 мың қорғау нұсқамасы берілген. Мемлекет тарапынан тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тек 765 миллион теңге бөлінеді, ол тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күреске жұмсалған барлық шығындардың 17% құрайды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық куәгерлерінің 61% балалар. Бірақ, тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін құжаттау кезінде балаларды, зорлық-зомбылық куәгері ретінде статистика қалыптастыру көзделмеген.
Зерттеу нәтижелері мынаны анықтады: • тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы күресті жеткіліксіз қаржыландыруы; • тұрмыстық зорлық-зомбылықтың барлық түрлері бойынша толық және егжей-тегжейлі статистикалық деректерді жинаудағы бар кемшіліктер; • ведомствоаралық бірлесіп жұмыс істеу жеткіліксіздігі және барлық мүдделі тараптардың қатысуымен тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресудің жалпы стратегиясының болмауы, зорлық-зомбылық жасайтын агрессорлармен жұмыстың болмауы.

 

Агрессорлардың мінез-құлқын өзгерту жөніндегі арнайы бағдарламалары тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың жан-жақты ұлттық саясатының бір бөлігі болуға тиісті. Жоба аясында Эберт қоры неміс сарапшысы Роланд Хартель мырзамен, Ландау прокуратурасы жанындағы Сот төрелігі жүйесінің әлеуметтік қызметінің қызметкері, агрессорлармен жұмыс жөніндегі мамандандырылған орталықпен, Оңтүстік Пфальц, агрессорлармен жұмыс жөніндегі федералды жұмыс тобының Төрағасымен ынтымақтасады.
Іс-шараның күні мен уақыты: 2022 жылғы 29 қараша, сағат 09:30-дан 13:00-ге дейін
Өткізу орны: Әлеуметтік қызметтер үйі, Достық даңғылы, 85, Алматы қаласы.
Байланыс тұлғасы:
Әлима Теңізбай, + 7 (727) 291-41-08, + 7 (701) 783 96 50




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін