Келе жатқан мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының күнімен құттықтаймыз!

  • 22 - Қазан, 2022 жыл.

Құрметті әріптестер!

Сіздерді келе жатқан мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының күнімен құттықтаймыз!

25 қазан — біздің еліміз үшін маңызды күндердің бірі. Дәл осы күні 1990 жылы Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл ел тәуелсіздігінің алғашқы қадамы болды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы жарлығымен күні 25 Қазан - Республика күні күнтізбеге ұлттық мереке ретінде қайта енгізілді.

Осы мерекелі күн Сіздің жүрегіңізді бірлік пен ұлы мемлекет құруға деген ұмтылыспен толтырсын. Сіздерге зор денсаулық, бақыт, шығармашылық шабыт, еңбек жетістіктері, Отанымыздың игілігі үшін жемісті еңбек тілейміз! Біздің барлық бастамаларымыз нәтижелі, ал болашағымыз жарқын болсын!

Құрметпен, Ақпараттық ресурстық орталығы ҚҚ




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін