Конкурс малых грантов в рамках проекта «Birgemiz:Umit»

  • 21 - шілде, 2022 жыл.

«Қызылорда еріктілері» қоғамдық қоры хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеу, апат қаупін азайту мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға бағытталған жобаларға волонтерлерді тарту мақсатында «Birgemiz: Umit» әлеуметтік жобасын жүзеге асырады.
Жоба аясында барлық мүдделі бастамашыл топтар мен үкіметтік емес ұйымдарға арналған 300 мың теңгеден 30 шағын грантқа байқау жарияланады.

Байқаудың мақсаты:
Жоғалған адамдарды іздеу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою жөніндегі жобаларды іске асыруға азаматтардың қатысуын кеңейту.

Конкурстың мақсаттары:
- осы салада халық арасында волонтерлікті дәріптеу;
- халықты төтенше жағдайлар орын алғанда іс-қимылдарға дайындау, оның ішінде су объектілерінде төтенше жағдайлар туындауының алдын алу мақсатында халық арасында түсіндіру және алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру;
- төтенше жағдайлар саласындағы жобаларды қолдау құралдарының қолжетімділігін кеңейту.

‼️Өтініштер 2022 жылдың 31 шілдесіне дейін қабылданады.

Байқау ережесіне сілтеме: https://tinyurl.com/PolojenieBirgemizUmit
сондай-ақ @kzovol парақшасының тақырыбында бекітулі

Жоба Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ гранттық қолдауымен іске асырылып жатыр.




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін