20 апреля в 10-00 SOS Детская деревня Алматы приглашает на участие в Партнерской Встрече

  • 5 - Сәуір, 2022 жыл.

Серіктестік кездесуге шақыру

Халықаралық SOS педагогикалық отбасы тәрбиесінің моделін жиырма бес жылдан бері біздің қаламызда SOS Алматы Балалар қалашығы жүзеге асырып келеді. Біздің басты мақсатымыз ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға тәрбие беру, дамыту және өз бетінше өмірге дағдылау болып табылады.

Аталған мекеменің негізінде 2017 жылдың 1 тамызынан бері «Бала мен отбасын қолдау орталығы» жұмыс атқаруда. Бұл жоба әлеуметтік жетімдіктің алдын алуға, қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылар мен балаларға, және асырап алушы отбасыларға көмек пен қолдау көрсетеді. Орталықтың бенефициарлары жалғызбасты, көпбалалы, аз қамтылған кәмелетке толмаған балалары бар отбасылар. Жобаға тіркелген барлық отбасылар кейс-менеджмент технологиясымен сүйемелденіп, оларға жүйелі түрде мамандардың қызметтері көрсетіледі.

Биылғы 2022 жыл біздің елімізде балалар Жылы деп бекітілді. Алматы қаласында біз сияқты жұмыс атқаратын мекемелер саны сан алуан. Осыған орай біз 2022 жылдың 20 сәуірінде сағат 10.00 де әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мақсатымен серіктестік кездесуді ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.

Егер сіз өз ұйымыңыз жайлы ақпаратпен бөліскіңіз келсе мына номерлерге 87021107757 Бану, 87479738207 Назира хабарласуыңызды сұраймыз.

Кездесудің бағдарламасы бойынша Балалар қалашығына, әлеуметтік жобаларға экскурсия және кофе-брейк ұйымдастырылады.

Іс-шараға қатысу үшін мекеме жайлы қысқа ақпаратты (спикердің аты-жөні, байланыс телефоны және электронды поштасын) 2022 жылдың 12 сәуіріне дейін Banu.Shalbayeva@sos-kazakhstan.kz  поштаға жіберуді өтінеміз.

Серіктестік кездесуде көріскенше!

 




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін

Telegram