АНОНС Алматы азаматтық орталығы («Ақпараттық-ресурстық орталық» ҚҚ) ҮЕҰ басшылары мен өкілдерін осы тақырыптағы оқу-әдістемелік вебинарға қатысуға шақырады «2021 жылғы ҚР Салық заңнамасындағы өзгерістер: КЕҰ бухгалтері нені білуі керек?»
АНОНС
Алматы азаматтық орталығы («Ақпараттық-ресурстық орталық» ҚҚ) ҮЕҰ басшылары мен өкілдерін осы тақырыптағы оқу-әдістемелік вебинарға қатысуға шақырады «2021 жылғы ҚР Салық заңнамасындағы өзгерістер: КЕҰ бухгалтері нені білуі керек?»
Іс-шара Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қаржылық қолдауымен өтеді.
Қысқаша сипаттамасы:
Вебинарда 2021 жылы салық салу және сабақтас заңнамадағы өзгерістер қаралады, олар ҮЕҰ-ға салық салу ерекшеліктеріне ғана қатысты емес, жалпы алғанда ҮЕҰ-ның салық қызметі мен тәуекелдеріне әсер етеді.
Оның ішінде ҚР 24.06.2021 ж. № 53-VII Заңымен енгізілген Салық кодексіндегі кейбір өзгерістерге шолу жасалады.
Вебинардың мақсаты: бухгалтерлерді, қоғамдық ұйымдардың басшыларын КЕҰ үшін қолданылатын ҚР Салық Кодексіндегі өзгерістер туралы хабардар ету.
Вебинардың жаттықтырушысы Янцен Наталья - IABE сертификатталған жаттықтырушысы,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. Мичиган Халықаралық университетінің қаржы бойынша MBA, IFA Ішкі аудиторы, ICB халықаралық бухгалтері.
Вебинарға қатысуға ҮЕҰ басшылары мен өкілдері, бухгалтерлер, қаржы менеджерлері және басқа да мүдделі тұлғалар шақырылады.
Күні мен уақыты: 27 тамыз (жұма), сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін. Жалпы ұзақтығы: 2 сағат.
Вебинар басталғанға дейін сағат 14.45-те алдын ала қосылуыңызды сұраймыз.
Өткізу тілі: орыс
Қатысу тегін, сілтеме бойынша алдын-ала тіркелу қажет. Тыңдаушылар саны шектеулі. Іс-шара Zoom платформасында өтеді. Іс-шараға қол жеткізуге сілтеме тіркелімде көрсетілген қатысушыларға электрондық мекенжайға жіберілетін болады.
Өтінімдерді 27 тамызға дейін сағат 12.00-ге дейін жіберулеріңізді сұраймыз (Нұр-сұлтан қ. уақыты бойынша).
Барлық сұрақтар бойынша Алматы қаласының азаматтық орталығына келесі байланыстар бойынша хабарласыңыздар info@civilcenteralmaty.kz, немесе қоңырау шалу арқылы 8 (727)398 95 25, 8 747 627 59 10 (WhatsApp).
* Әлеуметтік желілердегі жаңалықтарға жазылыңыз:
Instagram|Facebook| Telegramm: @CivilCenterAlmaty; #CivilCenterAlmaty