ВЕКЦА өңіріндегі алғашқы климаттық диалогқа "Қазақстан-Украина" форматында қатысуға шақыру (2021 жылғы 25-26 мамыр)

  • 19 - Мамыр, 2021 жыл.
Құрметті үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері!
 
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Сіздерді а.ғ. жылдың 25 және 26 мамырда аралас форматта (онлайн/оффлан) өтетін ШEКОА аймағында «Қазақстан-Украина» форматында бірінші Климаттық диалогқа қатысуға шақырады.
Іс-шара  Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі және Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен Украинаның Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылады.
 Диалогты БҰҰДБ, ЕО, ЭЫДҰ Қазақстандағы және Украинадағы өкілдіктері, «Жасыл Академия» ҒБО, АЭжБУ, ШEКОА Climate Action Network, ҚР АҚДМ АБҚО қолдады және ол жетекші сараптама институттары мен ҮЕҰ-ды біріктіреді.
Диалогтың негізгі тақырыптары – көміртексіздендіру бағыттары, осы процестің экономикалық тетіктері, соның ішінде көміртегі салығы, шығарындылар саудасы, жасыл қаржыландыру және инновациялар, қалалардың төмен көміртекті дамуы және т.б.
Іс-шараның бетпе-бет форматы Киев қ. және Нұр-Сұлтан қ. өтеді, оған онлайн режимде ШEКОА өңірінің қатысушылары қосылады.
Толығырақ ақпарат үшін тіркеу сілтемелерін қамтитын іс-шараның баспасөз хабарламасы қосымшада жіберіледі.



Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін