Су ресурстары және қоршаған ортаны қорғау бойынша USAID Аймақтық жобасының гранттық бағдарламасы туралы хабарландыру

  • 13 - Мамыр, 2021 жыл.

Құрметті әріптестер, серіктестер,

2021 жылдың 12 мамырында USAID Аймақтық су және қоршаған орта жобасын жүзеге асыратын Tetra Tech ARD корпорациясы гранттық бағдарлама туралы хабарландыру шығарды.

Су ресурстары және қоршаған орта жөніндегі USAID Өңірлік жобасының мақсаты тұрақтылықты, экономикалық өркендеуді арттыру және орнықты экожүйелерді қамтамасыз ету үшін Орталық Азия мен Ауғанстанда бірлесіп пайдаланылатын су ресурстарын басқару саласындағы техникалық әлеуетті және өңірлік ынтымақтастықты нығайту болып табылады.

Осы хабарландыру шеңберінде су ресурстары және қоршаған орта жөніндегі USAID өңірлік жобасы бірлесіп пайдаланылатын су ресурстарын басқару призмасы арқылы қарастырылатын мынадай пәнаралық міндеттердің біреуіне немесе бірнешеуіне қол жеткізуге ықпал ететін гранттарға өтінімдерді қаржыландыру мүмкіндігін ұсынады: (1) білім беру және оқыту арқылы әлеуетті дамыту, (2) практикалық зерттеулер, (3) жеке секторды тарту, (4) әйелдердің, жастардың және маргиналданған қоғамдастықтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, (5) ғылым, технологиялар, инновациялар және), (6) әлеуметтік және мінез-құлық өзгерістері.

Грант алушы әлеуетті ұйымдар қатарына үкіметтік емес ұйымдар, азаматтық қоғам ұйымдары, жергілікті қоғамдастық ұйымдары, халықаралық қоғамдық ұйымдар, жеке қорлар мен университеттер, зерттеу институттары, бизнес қауымдастықтар және Сырдария мен Әмудария өзендерінің бассейндерінде және олармен байланысты су тарату арналарында жұмыс істейтін немесе жұмыс істеуге қабілетті жеке компаниялар кіруі мүмкін.

Гранттық бағдарлама туралы хабарландырудың толық сипаттамасын алу үшін мүдделі тұлғалар электрондық мекенжайға хабарласуы қажет opportunities@centralasiawave.org  

Құрметпен,
Су ресурстары және қоршаған орта бойынша USAID Аймақтық жобасы




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін