Нұрсұлтан Назарбаев Қоры "мемлекет, бизнес және КЕҰ: тұрақты даму мүддесіндегі бірлік пен әріптестіктің 30 жылы"атты әлеуметтік жобалар форумына қатысуға шақырады.

  • 9 - Сәуір, 2021 жыл.

Құрметті қазақстандықтар!

 

Нұрсұлтан Назарбаевтың Қоры – КЕҰ, мемлекетік және коммерциялық құрылымдарының, кәсіпкерлер мен меценаттар, қоғам қайраткерлерін, қайырымдылық ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін «Мемлекет, бизнес және КЕҰ: тұрақты даму мақсатындағы бірлік пен серіктестіктің 30 жылдығы» Әлеуметтік жобалар форумына қатысуға шақырады.

Форумның жұмысы 22 сәуір күні сағат  10.00-да басталады және 23 сәуір күні жалғасады.

Іс-шараның мақсаты – қоғамдық маңызы бар айрықша өткір мәселелерді талқылау мақсатында әр бағыттағы ұйымдардың басын қосу.

Форумға қазақстандық және халықаралық спикерлер Олардың арасында Нұрсұлтан Назарбаев Қорының директоры Дариға Назарбаева, ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқармасының төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, БҰҰ Қазақстандағы Дамыту бағдарламасының Тұрақты өкілі Якуп Бериш, Eurasian Resources Group (ERG) Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич, АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов және басқалар бар.

Форум қатысушылары мемлекет, бизнес және азаматтық қоғамның тұрақты дамуға қол жеткізу, экологиялық мәселелерді шешу, әлеуметтік салаға жауапты бизнес жүргізу және басқа да көптеген жайттарға қол жеткізу мақсатындағы мәселелерді қозғайды. Шараның негізгі көздегені – бірлескен бастамалар, серіктестік жобалары және ықтимал ынтымақтастықтың басты бағыттарын іздеу.

Форумның трансляциясы fsp-fnn.kz веб-сайтында көрсетіледі.

Спикерлер мен бағдарлама туралы толық ақпарат аталмыш веб-сайтта  бар.




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін