Азаматтарға арналған үкіметтің «Ақпараттық хабарламалары»
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
23.02.2021ж. Алматы қ.
Азаматтарға арналған үкіметте жеке менеджер қызметі іске қосылды
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы азаматтарға қызмет алу ыңғайлы болу үшін, көптеген сервистерді енгізіп жүргенін көріп жүрміз. Олардың қатарында проактивті қызметтер, құжаттарды, көлік нөмірлері мен жүргізуші куәлігін үйге жеткізіп беру қызметтері бар. Енді жеке менеджер қызметі іске қосылуда.
Мемлекеттік қызметтерді ХҚО-ға бармай-ақ алуға көмектесетін жеке менеджер қызметін пайдалану, азаматтардың уақытын үнемдеумен және қолайлылығымен ұтымды.
Ол үшін, ең алдымен ХҚО-ға барып жеке менеджермен келісімшартқа отыру қажет. Алатын қажетті қызметтер тізімін ұсынып, қызмет құнын төлейді.
Келісім-шартқа отырған сәттен бастап құжаттарды рәсімдеу машақатынан құтылып, халық көп шоғырланатын орындарда денсаулығыңызды қатерге тікпейсіз.
«Қызмет нәтижесін сіз айтқан жерге дейін әкеліп береді. Келісім шартты 1 айдан 1 жылға дейінгі мерзімге жасасуға болады. Қазіргі таңда жеке менеджерлер фронт-офистерде отыр. Алдағы уақытта жеке менеджерлер келісім бойынша құрылыс компанияларында да отыратын болады. Олар осы компаниядан алынған жылжымайтын мүлікті нотариуссыз рәсімдеу қызметін көрсетеді» -дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының директоры Данияр Қырықбаев.
Жеке менеджер құны қажет қызметтер тізімі мен қызметтің күрделілігіне қарай бағалар прейскурантына сәйкес тағайындалады.
Жеке тұлғалар төлемді бірден жүзеге асыруы тиіс. Ал заңды тұлғалар қызмет ақысын атқарылған жұмыс актісіне сәйкес төлейді.
Уақытыңызды үнемдегіңіз келсе, жеке менеджер қызметіне жүгініңіз!
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы
Алматы қаласы бойынша филиалы
Тел.:87073240176
=====================================================================================================
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
23.02.2021ж. Алматы қ.
Жылжымайтын мүлікті нотариуссыз, ХҚО арқылы тіркеуге болады
Осыған дейін сатып алынған жылжымайтын мүлікті нотариус арқылы рәсңмдейтін. Енді сатып алынған жылжымайтын мүлікті нотариуссыз, яғни ХҚО арқылы тіркеуге болады.
Ол үшін, ең алдымен ХҚО-ға кезекті онлайн брондайсыз. Бронды растау үшін ХҚО-ға 20 минут ерте келу қажет.
ХҚО операторына келесі құжаттарды ұсынады:
- сатып алу- сату келісімшартының 2 данасын жасасыңыз:
- Мүліктің техникалық паспорты;
- Мүлік меншігіне құқық беретін құжаттар (сатушы тарапынан);
- Некеде болса, екі тараптың да жұбайының нотариус арқылы рәсімделген келісімі;
- Егер жылжымайтын мүлік құрылыс компаниясынан сатып алынатын болса, қосымша:
- Сату жөніндегі шешім;
- Сатып алушы некеде болса, нотариус арқылы жұбайының рәсімделген келісімі.
«Қызмет алушы ХҚО-ға дайын келісімшартпен келуі қажет. Келісім-шартта міндетті түрде жылжымайтын мүліктің барлық сипаттамасы (ауданы, қабаты, пәтер нөмірі, кадастр нөмірі және басқа да техникалық сипаттамалары) көрсетілуі тиіс», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының директоры Данияр Қырықбаев.
Оның айтуынша, жылжымайтын мүлікті құрылыс компаниясынан алған жағдайда, ХҚО-ға компания өкілі келетін болса, келісімшартта оның аты-жөні көрсетілуі қажет. Егер олай болмаған жағдайда, келісімшартқа қол қоюшы, яғни компания директоры, директорлыққа тағайындалғаны жайында бұйрықпен ХҚО-ға өзі келеді.
Қызмет құны (тұрғын үй үшін) - 1 202 теңге.
Қызмет құны тұрғын үйден басқа жылжымайтын мүлік түрлері үшін (қойма, автотұрақ т.б.) ауданына қарай өзгереді.
Егер тұрғын үй жекежай болса, қызмет құны өзгермейді, бірақ жер телімі және басқа да жекежай аумағындағы құрылыс нысандары үшін қосымша төлем жасалады.
Қызмет көрсету мерзімі құжат тапсырған күнді есепке алмағанда – 1 жұмыс күні.
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы
Алматы қаласы бойынша филиалы
Тел.:87073240176
=====================================================================================================
QR-төлемдер ХҚО-дағы қызмет көрсету уақытын қысқартуға мүмкіндік береді
2021 жылғы 23 ақпан Нұр-Сұлтан қ.
«Азаматтарға арналған үкімет» QR-код арқылы баж салығын төлеуге болатын мемлекеттік қызметтер қатарын ұлғайтты. Енді қазақстандықтар смартфондары арқылы елдегі ХҚО-да кез келген мемлекеттік қызметтің төлемін бірнеше секундтың ішінде жолдай алады.
QR-код арқылы, мысалы, жер учаскесіне актілерді дайындау және беру, жылжымайтын мүлікке құқықтарды, банктік қарызға алу шарты бойынша талаптар құқығын беруді, кондоминиум объектісін, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ жер қатынастары, жылжымайтын және жылжымалы мүліктер саласындағы басқа да мемлекеттік қызметтер үшін төлем жасауға болады.
«Пандемия кезінде ұзын-сонар кезектің алдын алу керектігін түсінеміз, сондықтан процестерді барынша автоматтандырып, қызметалушыларға ыңғайлы етуге тырысып жатырмыз. Мемлекеттік қызметтер үшін QR-төлем жасау жобасы бірнеше ай бұрын іске қосылды және осы уақыттың ішінде біз тиісті құрылғыны барлық 339 халыққа қызмет көрсету орталығына орнаттық», - деді мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасының бірінші орынбасары Сүйеніш Әбділдин.
Азаматтар ХҚО-да мемлекеттік қызметтердің ақысын Homebank және Kaspi.kz қосымшасында QR-код арқылы кезексіз, қауіпсіз және тез төлей алады.
Енді азаматтар қандай бір қызметті алған кезде төлем жасау үшін менеджерден QR құрып беруін өтініп, сосын өзінің смартфоны арқылы бірнеше минуттың ішінде төлей алады. Айта кету керек, әр клиент үшін әрбір қызмет бойынша жеке QR-код жасақталады.