Алматы қаласының азаматтық орталығы ("Ақпараттық-ресурстық орталық" ҚҚ) ҮЕҰ басшылары мен өкілдері үшін "ҮЕҰ қаржылық тұрақтылығы: қаржылық сауаттылық негіздері"тақырыбында оқу-әдістемелік вебинар өткізеді.

  • 23 - Қазан, 2020 жыл.

 

АНОНС

Алматы қаласының азаматтық орталығы ("Ақпараттық-ресурстық орталық" ҚҚ) ҮЕҰ басшылары мен өкілдері үшін "ҮЕҰ қаржылық тұрақтылығы: қаржылық сауаттылық негіздері"тақырыбында оқу-әдістемелік вебинар өткізеді.

Іс-шара Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ мемлекеттік гранты шеңберінде өтуде.

Вебинардың жаттықтырушысы ретінде: Наталья Янцен IABE, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ сертификатталған жаттықтырушысы, Мичиган Халықаралық университетінің қаржы бойынша MBA, IFA Ішкі аудиторы, ICB халықаралық бухгалтері.

Вебинардың мақсаты: донорлармен қарым-қатынаста ҮЕҰ-ның қаржылық тұрақтылығының негіздерін беру (қаржылық есеп және есептілік).

Вебинардың міндеттері:

  • Нақты уақыт режимінде түрлі дереккөздерден алынған қаржы ресурстарын тиімді басқаруды үйрету;
  • Ұлттық заңнама талаптарын да, донорлардың талаптарын да сақтау үшін есеп беруді жүргізуге және бастапқы құжаттарды жасауға үйрету;
  • Донорларға арналған жобалық бюджеттерді құру кезінде сыйақы мен жалақыны есептеу формулаларын тез және дұрыс құруға үйрету;

Вебинарда келесі мәселелер қарастырылады:

  • Нақты уақыт режимінде әр түрлі дереккөздерден алынған қаржы ресурстарын қалай тиімді басқаруға болады;
  • Ұлттық заңнама талаптарын да, донорлардың талаптарын да сақтау үшін есеп беру және бастапқы құжаттарды қалай жүргізу керек;
  • Донорларға арналған жобалық бюджеттерді құру кезінде сыйақы мен жалақыны есептеу үшін жылдам формулалардың мысалдары;

Вебинар қорытындысы бойынша қатысушылар ұйымның қаржылық тұрақтылығына қол жеткізу үшін оны табысты жүргізу және басқару принциптерін және дағдарыстық қаржылық жағдайларға алып келетін жалпы қателіктерден қалай құтылуға болатынын біледі.

Іс-шараға қатысу үшін коммерциялық емес ұйымдардың (КЕҰ) басшылары мен бухгалтерлері, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғалар шақырылады.

Күні мен уақыты: 29 қазан (бейсенбі), сағат 10:00-ден 12:30-ға дейін Общая продолжительность: 2,5 часа.

Қатысу тегін, сілтеме бойынша алдын-ала тіркелу қажет. Тыңдаушылар саны шектеулі.

Өтінімдерді 28 қазан сағат 18.00-ге дейін (Нұр-сұлтан қ. уақыты бойынша) жолдауларыңызды сұраймыз.

Вебинар ZOOM платформасында ұйымдастырылады. Іс-шараға қол жеткізуге сілтеме тіркелімде көрсетілген қатысушыларға электрондық мекенжайға жіберілетін болады.

Барлық сұрақтар бойынша Алматы қаласының азаматтық орталығына келесі байланыс құралдары бойынша хабарласыңыз: info@civilcenteralmaty.kz 8 (727) 3 410 411, 8 747 627 59 10 (WhatsApp).

*Біздің әлеуметтік желіміздегі жаңалықтарға жазылыңыздар

Instagram: Civilcenteralmaty; Facebook: @CivilCenterAlmaty; #CivilCenterAlmaty

#CivilCenterAlmaty #cisc2020 #qogamgov

 




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін