Анонс- Qolda 2.0 жобасының іске қосылуы

  • 6 - Қазан, 2020 жыл.

Баспасөз-анонсы

Орталық Азияның Еуразия қоры "Шеврон" компаниясымен әріптестікте гранттар конкурсын жариялайды

"QOLDA"шұғыл көмек бағдарламасының екінші кезеңі аясында.

 

Қазақстанның барлық өңірлерінде халыққа волонтерлік, гуманитарлық және қайырымдылық қолдау көрсететін үкіметтік емес ұйымдарды қатысуға шақырамыз


Гранттардың жалпы көлемі 30 млн. теңгені құрайды


Біз осы саладағы 6 өзекті жобаны қолдауға дайынбыз:
1) ауылдық өңірлердегі тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы жөніндегі жобалар (4,4 млн. теңгеге дейін);
2) ТЖ кезеңінде халықты ақпараттандыру және қолдау, азаматтық қоғамның ТЖ-ға, әсіресе өңірлерде ден қою қабілетін жақсарту бойынша ұзақ мерзімді және/немесе онлайн шешімдер әзірлеу (5 млн. теңгеге дейін);
3) азаматтық қоғамның төтенше жағдайларға ден қою ресурстарын қолдау және волонтерлерді дамыту (9 млн.теңгеге дейін).

 

Гранттар 2020 жылғы 1 қарашадан 2021 жылғы 30 сәуірге дейінгі кезеңде іске асыру мерзімі 6 айдан аспайтын қоғамдық жобаларға/бастамаларға ие болады.

Конкурсқа қатысу үшін сайтта өтінім толтыру қажет https://qolda.org/.

Өтінімді беру мерзімі 2020 жылғы 19 қазан сағат 23.00-ге дейін (Нұр-сұлтан Қ.уақыты бойынша). Нәтижелер 2020 жылдың 26 қазанында жарияланады.


 

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың сәуір айында Орталық Азияның Еуразия Қоры "Шеврон" компаниясымен серіктестікте Нұр-сұлтан және Алматы қалаларында "Qolda 1.0" бірінші кезеңін іске қосты. Іріктеу нәтижесінде 11 ҮЕҰ мен 7 БАҚ бастамалары қаржыландырылды. Үкіметтік емес ұйымдар медициналық қызметкерлерді қолдауға, көп балалы отбасыларға, мүгедек адамдарға, мигранттарға, есірткіге тәуелді адамдарға гуманитарлық көмек көрсетуге, шағын бизнеске консультациялық қолдау көрсетуге және әйелдер үшін жұмыс орындарын құруға гранттар алды. Әлеуметтік қорғалмаған 1900 отбасына көмек көрсетілді, Алматы қаласы мен Алматы облысының провизорлық клиникаларының дәрігерлеріне 2300 түскі ас пен кешкі ас және 500 жеке қорғаныс құралдары жеткізілді, мүгедектігі бар адамдарға және есірткі пайдаланатын адамдарға 1500 консультация өткізілді, 100 еңбек мигранттарына қолдау көрсетілді, шағын бизнеске 1400 консультация берілді, бизнеске арналған 300 жеке даму жоспары әзірленді. БАҚ бөлген гранттар covid-19 тақырыбы бойынша мемлекеттік тілдегі сапалы мазмұнды арттыруға, сондай-ақ қоғамды covid-19-ға қарсы күресте қоғамдық ұйымдар, мемлекет, бизнес және халық қабылдаған шаралар туралы хабардар етуге бағытталған.

Сұрақтар туындаған жағдайда "QOLDA" бағдарламасының менеджерлеріне хабарласуға болады: AzharN@ef-ca.org, Aliya@ef-ca.org, https://t.me/Qolda_project

Толық ақпаратты qolda.org жобаның сайтынан қараңыз

 




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін