Құрметті балалар, құрметті ата-аналар мен ұстаздар! Сіздерді экологиялық жобаның 2-кезеңіне - «Менің жасыл планетам» балалар экологиялық суреттер байқауына қатысуға шақырамыз!

  • 5 - Қазан, 2020 жыл.

Құрметті балалар!

Сіздерді экологиялық жобаның 2 кезеңіне - «Менің жасыл планетам» балалар суреттер байқауына қатысуға шақырамыз Конкурс Қазақстан Республикасы Президентінің демеушілігімен, Қазақстан Республикасындағы Балалардың құқықтары жөніндегі уәкілдің бастамасымен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен, БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін мерекелеу аясында «Балалар әлемді бейнелейді» қоғамдық қорының қатысуымен

Жалпы ережелер:
 
 
Қоғамға білім беру - мемлекеттің маңызды міндеті. Гуманизм мен мейірімділік балалық шақтан қалыптасатын аса маңызды адами құндылықтар. Қоршаған әлемге қамқорлық танытуға тәрбиелеу - балалардың бойында қайырымдылық пен мейірімділік сияқты әлеуметтік маңызды қасиеттерді қалыптастырады.

Балалар да, ересектер де өсімдіктер әлемі жердегі барлық тіршіліктің, экожүйенің қызметі мен азық-түлік қауіпсіздігінің негіздерінің бірі болып табылатынын және жердегі тіршілікті қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратындығын білуі керек. Топырақ пен жердің ластануына ғана емес, сонымен қатар, ауа мен судың ластануы сияқты экологиялық проблемалар мен оларды шешу жолдарына назар аудару қажет.

Қоқыстар мен қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу – бүгінгі күннің өткір мәселесі. Экологиялық әдеттерді жас ұрпақтың бойына бала кезден сіңіру өте маңызды. Олар эко-ізді азайту үшін экологиялық және қалдықсыз өмір салтына ұмтылуы қажет. Балалардың бойына «ересек» әлеммен қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру, қол жетімді құралдармен өз құқықтарын, мүмкіндіктері мен міндеттерін іске асыруға тиімді қатыстыру, оларды осы проблемалар мен міндеттердің маңыздылығы туралы ойлауға шақырыру өте маңызды.

«Менің жасыл планетам» бала суреттер байқауы жас ұрпақты экологияның маңызды мәселелерін шешуге және табиғатты құрметтеуге, сонымен қатар, экология мен қоршаған ортаны қорғауға байланысты маңызды мәселелерді шешу кезінде ересектерді балалардың пікіріне құлақ асуға шақыру мақсатында өткізіледі. Біз өскелең ұрпаққа таза планета қалдыруымыз керек. Ғаламшарымыздың биоалуантүрлілігін қорғаудың өмірлік қажеттілігін айқын сезіндіріп, оларды Жердің барлық ресурстарына құрметпен қарауға үйрету қажет.

«Менің жасыл планетам» Бүкілқазақстандық бала суреттері байқауы Қазақстанның 2030 жылға дейін арналған тұрақты даму мақсаттарының күн тәртібін жүзеге асырып, өскелең ұрпақ арасында ТДМ насихаттауға, сонымен қатар, қоршаған ортаға қамқорлық танытудың маңыздылығын түсіндіруге бағытталған жұмысты дұрыс жүргізу мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:
 
 
• ҚР балалар мен жастардың назарын ғаламдық және ұлттық маңызы бар экологиялық проблемаларға, оның ішінде сирек кездесетін өсімдік түрлерінің азаюы мен жойылуына әкелетін проблемаларға аудару.

• Жас ұрпақты табиғатты сүюге, аялауға және құрметтеуге баулу.

• ҚР жас буыны арасында қоршаған ортаны қорғауға, сондай-ақ биоалуантүрлілікті сақтауға бағытталған құндылық бағдары мен белсенді ұстанымын қалыптастыру.

• Туған еліндегі мәселелерді шешуде өз дауысын қоса алатынын сезіндіру.

• БҰҰ ТДМ-ге қол жеткізу әлеуетін арттыру жолында балаларды араластыру. Бұл жаңа ұрпақ өмір сүретін нәтижеге жетуге үлес қосу.

• Әлемдегі экологиялық жағдайды жақсартудың шығармашылық шешімдерін табу.
Байқауға қатысушылар:
 
 
· Қазақстан Республикасының 6 мен 17 жас аралығындағы балалары, жасөспірімдері мен жастары.
Байқау тақырыптары:
 
 
• Өсімдіктер - құстар мен жануарлардың тіршілігі

• Өсімдіктер адамды аштықтан құтқарады

• Сирек кездесетін өсімдік түрлерінің жойылуы

• Таза су - балықтар мен жануарлардың үйі

• Өнеркәсіптік ластану

• Пластикпен күрес!

• Қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу

• Экологиялық өмір салты

• Жасыл экономика

• Жасыл қалалар
Жұмыстарды бағалау өлшемдері:
 
 
  • Орындалу деңгейі
  • Мәселенің өзектілігі мен маңыздылығы
  • Байқаудың тақырыптарына сәйкестігі
  • Тәжірибелік бағыт
  • Өзіндік ерекшелігі
Байқауға ұсынылған жұмыстарды бағалау үшін ұйымдастыру комитеті құрамына байқауды ұйымдастырушылар мен белгілі өнер және мәдениет қайраткерлері енген қазылар алқасын бекітеді.
Ұйымдастыру, өткізу мерзімі мен тәртібі:
 
 
  • Конкурс туралы хабарлау – 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап
  • Жұмыстарды жинау – 2020 жылдың 1 қазанынан 31 желтоқсанына дейін
  • Қазылар алқасының жұмысы мен нәтижелерін шығару – 10 қаңтар 2021 жыл
  • Жеңімпаздарды жариялау, марапаттау – 2021 жылдың 20 қаңтарына дейін
  • Барлық қатысушыға электронды сертификаттар жіберу – 2021 жылдың 31 қаңтарына дейін
  • Жеңімпаздардың жұмыстарын ҚР қалаларындағы билбордтарға орналастыру – ақпан-наурыз 2021 жыл
  • Венадағы көрме (Австрия) – 2021 жылдың көктемі
  • Венаға сапар (Австрия) – 2021 жылдың көктемі
Билбордтарға орнатылатын жұмыстарды ұйымдастыру комитеті таңдайды және анықтайды. Суреттер жақсы ажыратымдылықта және сапалы жұмыстардан таңдалады. Билбордтардың орналасуын және олардың санын ұйымдастыру комитеті жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп анықтайды.

Көрмелерге арналған жұмыстарды ұйымдастыру комитеті өз қалауымен таңдайды және анықтайды. Суреттер түпнұсқа түрінде ұйымдастыру комитетінің электронды поштасына жіберілген жұмыстардан таңдалады.
Жеңімпаздар категориялары:
 
 
• I, II, III орындар. 6 мен 8 жас аралығындағы категория

• I, II, III орындар. 9 мен 11 жас аралығындағы категория

• I, II, III орындар. 12 мен 14 жас аралығындағы категория

• I, II, III орындар. 15 мен 17 жас аралығындағы категория
Жеңімпаздарды марапаттау:
 
 
Байқауға қатысып, жүлделі орындарға ие бола алмаған балалар электрондық пошта арқылы байқауға қатысты деген электронды сертификаттар алады. Электрондық сертификатты әр бала өз бетімен басып шығаруы және толтыруы қажет.

II және III орындарға ие болған балаларға «Настоящий Буратино» сауда маркасының атынан бағалы сыйлықтар беріледі.

I орынға ие болған жеңімпаздар 2021 жылдың көктемінде Венада (Австрия) өтетін салтанатты марапаттау рәсіміне және көрмеге қатысады (әлемдегі жағдай тұрақталған жағдайда). Жеңімпаздарға супер-сыйлықтарды байқаудың бас серіктесі – «EduStream» компаниясы ұсынып отыр.

Барлық жеңімпазға жеке диплом табысталады.
Авторлық құқық:
 
 
Жұмыстар қайтарылмайды. Ұйымдастыру комитеті қоршаған ортаны қорғауды насихаттау мақсатында, сондай-ақ балалар мен жастардың шығармашылығын дамыту ниетінде туындыларды автордың келісімінсіз және қаламақы төлемей пайдалану құқығын өзінде қалдырады.
Байқау шарттары:
 
 
• Байқауға кез-келген көркемдік техникада (кескіндеме, графика, нақыштау және т.б.), аппликациялық, коллаждық, компьютерлік графикалық жұмыстар қабылданады.

• Кез келген материалмен жасалған жұмыстар (фломастер, акварель, гуашь, акрил және т.б.)

• Жұмыстың мөлшері А1, А2, А3, А4. Стандарт емес көлемдегі жұмыстар да қабылданады.

• Жұмыстын автор толықтай өзі жасаған тұпнұсқа болуы қажет.

• Бір автордың бірден үшке дейін жұмыс қабылданады. Тақырыпқа сай эссе жазуға болады (бұл міндетті талап емес).

• Жұмыстарда автор туралы мәлімет болуы керек (аты-жөні, жасы, өңірі, қаласы / ауылы, телефон, электрондық пошта).

• Жұмыстар электронды түрде де, түпнұсқада да қабылданады (өз таңдауыңыз).

• Электрондық нұсқадағы жұмыстарды байқаудың www.alembala.kz ресми сайтына жүктеу қажет (сайтқа жұмыстарды жүктеу - жұмыстарды ұйымдастыру комитетіне жіберу болып саналады. Демек жұмыстар сайттың бетіне нақты жүктелмейді.

• Жұмыстар тұпнұсқа түрінде мына пошталық мекен-жайда қабылданады:
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 050026, Әуезов көшесі, 14а үй
"Балалар Әлемді Бейнелейді" Қоғамдық Қоры.

Бір немесе бірнеше шарттарға сәйкес келмейтін жұмыстар, сондай-ақ толық толтырылмаған өтінімдер байқауға жіберілмейді.

Жобаның 1 кезеңінің жеңімпаздары ("Жануарлар менің достарым!" байқауы) - "Менің жасыл планетам" байқауына қатыса алады, бірақ 2-ші рет жеңімпаз бола алмайды.



Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін