Алматы қаласының Азаматтық орталығы («Ақпараттық Ресурстық Орталығы» ҚҚ) ҮЕҰ басшылары мен өкілдеріне «Фандрайзинг, краудсорсинг және қаржылық тұрақтылықты қалыптастырудың басқа түрлері және азаматтық белсенділікті ынталандыру» тақырыбында оқу-әдістемелік вебинар өткізеді.
ХАБАРЛАМА
Алматы қаласының Азаматтық орталығы («Ақпараттық Ресурстық Орталығы» ҚҚ) ҮЕҰ басшылары мен өкілдеріне «Фандрайзинг, краудсорсинг және қаржылық тұрақтылықты қалыптастырудың басқа түрлері және азаматтық белсенділікті ынталандыру» тақырыбында оқу-әдістемелік вебинар өткізеді.
Іс-шара «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік грантымен жүзеге асырылады Қазақстан Республикасы Ақпараттық және әлеуметтік даму министрлігінің көмегімен жүзеге асырылады
Вебинардың жаттықтырушысы: Жукупбаев Галым, бизнес-жаттықтырушы, коуч.
Вебинарда ҮЕҰ-дың қаржылық тұрақтылығын арттыру үшін қаражат жинау, краудфандинг және краудсорсинг құралдары талқыланады.
Вебинардың мақсаты: ҮЕҰ-ға фандрейзинг, краудфандинг және краудсорсинг арқылы әр түрлі ресурстарды тарту туралы түсінік пен білімді қалыптастыру.
Вебинардың тапсырмалары:
- ҮЕҰ үшін ресурстарды тартудың заңды аспектілерін қарастыру
- ҮЕҰ ресурстарды тарту стратегиясы мен маркетингін қарастыру
- Ақша жинаудың әртүрлі құралдары мен әдістерін көрсету
- Краудфандинг және краудсорсинг құралын көрсету
- Тендерге қатысу құралын көрсету
Вебинарда келесі сұрақтар талқыланатын болады:
- ҚР фандрейзингты дамыту туралы заңнамасы;
- Фандрейзинг тұжырымдамасы, стратегиясы және маркетингі;
- Іс-әрекеттегі фандрейзинг (фандрейзинг компанияларын жүргізу).Фандрейзинг тәсілдері;
- Донорлардың жіктелуі. Мемлекеттік органдармен жұмыс;
- Бизнеспен жұмыс;
- Донорлармен жұмыс. Фандрейзерге көмек ретінде;
- Краудсорсинг техникасы;
- Краудфандинг техникасы;
Іс-шараға қатысуға басшылар, коммерциялық емес ұйымдардың қызметкерлері (КЕҰ), сондай-ақ басқа да мүдделі адамдар шақырылады.
Вебинардың жүргізілу тілі: орыс
Күні және уақыты: 11 қыркүйек (жұма), сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін. Жалпы ұзақтығы: 2 сағат.
Қатысу тегін, сілтеме бойынша алдын-ала тіркелу қажет. Тыңдаушылардың саны-шектеулі.
Өтініштерді 10 қыркүйек сағат 18.00-ге дейін жіберулеріңізді сұраймыз. (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша)
Вебинар ZOOM платформасында өтеді. Іс-шараға кіретін сілтеме қатысушылардың тіркеуде көрсетілген электрондық поштасына жіберіледі.
Барлық сұрақтар бойынша Алматы қаласының Азаматтық орталығына келесі байланыс тәсілдері бойынша хабарласуыңызға болады info@civilcenteralmaty.kz, 8 (727) 341 04 11, 8 747 627 59 10 (WhatsApp)
*Біздің әлеуметтік желіміздегі жаңалықтарға жазылыңыз:
Instagram: Civilcenteralmaty; Facebook: @CivilCenterAlmaty; #CivilCenterAlmaty