Құрметті әріптестер! Сіздерді келе жатқан еліміздің ең маңызды мерекесі - Конституция күнімен құттықтаймыз!

  • 28 - Тамыз, 2020 жыл.

Құрметті әріптестер!


Сіздерді келе жатқан еліміздің ең маңызды мерекесі - Конституция күнімен құттықтаймыз!
Осыдан жиырма бес жыл бұрын, тамыздың 30-ында Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің Конституциясы бекітілді.

Осындай аз уақыт ішінде Қазақстанның Ата заңы өзінің заман талабына лайықты екенін дәлелдеді.

Құқықтық мемлекет орнатып, әлемнің өркениетті елдерімен жан-жақты экономикалық-саяси тең дәрежеде қарым-қатынас қалыптастыру, ірі реформаларды жүргізу, демократиялық принциптерді құрметтеу бәрі-бәрі Ата Заңымыздың аясында атқарылып жатқан шаруа.

Бүгінгі Қазақстанның әлемдегі жоғарғы беделі – бұл біздің тікелей ішкі жетістіктеріміздің, бейбітшілік сүйгіш саясатымыздың және ірі халықаралық жобалардағы бастамашылығымыздың нәтижесі.

Бұл күн бізді рухтандырып, Қазақстанды одан әрі дамытуға шабыт беріп, жаңа мүмкіндіктер сыйласын!

Осы мереке күні елімізге азаматтық көзқарас еркіндігін таңдау мүмкіндігін және бейбіт өмірді тілейміз.

Отбасыларыңызға аман-саулық, бақыт, түсінушілік, сенім және Отанымыз Қазақстан Республикасына жарық, жақсы болашақ тілейміз!




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін