Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еріктілік және қайырымдылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

  • 17 - Тамыз, 2020 жыл.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еріктілердің қызметі және қайырымдылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы Тұжырымдамасы жобасының ресми интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғандығын хабарлайды.

Тұжырымдаманың атауы: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еріктілік және қайырымдылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Заң жобасының тақырыбы: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еріктілік және қайырымдылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Заң жобасын қабылдаудың міндеттері: Заң жобасының мақсаты еріктілер қызметі мен қайырымдылық саласындағы заңнаманы жетілдіру болып табылады.

Заң жобасын реттеу пәні: Осы Заңның реттеу пәні еріктілер қызметі мен қайырымдылық саласында туындайтын қоғамдық қатынастар болып табылады.

Заң жобасының құрылымы: Заң жобасы екі баптан тұрады: 1-бапта: - «Еріктілер қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына; - «Қайырымдылық туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; - «Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттар мен сыйлықтар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі; - «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Қазақстан Республикасының Заңы; - «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V Заңы; - Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (ерекше бөлім); 2-бап заң жобасын қолданысқа енгізу тәртібін анықтайды.

Тұжырымдама жобасы қайырымдылық және еріктілік саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Заң жобасында азаматтарды жүйелі қайырымдылық пен еріктілікке қатысуға ынталандыруға, қайырымдылық пен еріктілік мәдениетін дамытуға бағытталған шаралар қарастырылған. Атап айтқанда, заң жобасы аясында еріктілердің сағаттарын еңбек өтіліне қосу, еріктілердің ең төменгі жасын 16 жасқа дейін төмендету, қайырымдылық ұйымдарының мәртебесін көтеру, қайырымдылық ұйымдарының мәртебесін көтеру тетіктері және т.с.с. шаралар енгізу ұсынылады. Осыған орай, Министрлік сіздерді осы жобаны талқылауға қатысуға шақырады.

Жобамен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=4583410

@aqparatqogam

 

==================================

Жіберуді «Ақпараттық ресурстар орталығы» ҚҚ жүзеге асырды

Алматы қ. Жамбыл к. 114/85,  каб. 109, 113
тел: 8 (727)341 04 11
e-mail: info-rc@inbox.ru, 
www.vestniknpo.kz
www.civilcenteralmaty.kz    




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін