Анонс «ҮЕҰ-дағы PR және көпшілік имиджі (SMM)»
АНОНС
Алматы Азаматтық орталығы («Ақпараттық-ресурстық орталық» ҚҚ) ҮЕҰ басшылары мен өкілдеріне арналған әлеуметтік желілер арқылы «ҮЕҰ-дағы PR және көпшілік имиджі (SMM)» тақырыбында оқу-әдістемелік вебинар өткізеді.
Іс-шара «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық қаржылық қолдауымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің көмегімен өтеді.
Вебинардың тренері: филология ғылымдарының кандидаты, UIB доценті, production Business Creative FMA агенттігінің шеф-редакторы, копирайтер және digital-жылжыту бойынша кеңесші, даулы мәтінді филологиялық-психологиялық сараптау бойынша маман - Адибаева Шолпан.
Әлеуметтік медиа – бүгінде ұйымдардың қоғамдық имиджін құру бойынша ыңғайлы және салыстырмалы түрде арзан құрал. Өз әлеуетінде SMM-жылжыту өте тиімді және жұртшылықтың назарын аудара алады. Әлеуметтік желілерде дұрыс коммуникативтік стратегияны қалай таңдауға болады? Егер осы сұрақтар сізді қызықтырса, жауабын біздің вебинарымыздан біле аласыздар.
Вебинардың мақсаты: тыңдаушыларды әлеуметтік желілерде ҮЕҰ жылжыту үшін негізгі практикалық дағдыларға және қолжетімді құралдарға үйрету;
Вебинар міндеттері:
- Мазмұн жоспарын әзірлеу және жарнамалық пост жасау;
- Әлеуметтік желілерде негативті өңдеу дағдыларын үйрету;
- НЛБ-ның тарихы мен құралдарын жазу технологиясымен таныстыру
Вебинар бағдарламасы:
- Брендинг архетиптері;
- Мазмұн-жоспар және жарнамалық пост;
- Хэштегтер және іздеу сөздері;
- Әлеуметтік желілердегі НЛБ технологиясы;
- Маркетинг құралы ретінде Сторителлинг;
- Түсініксіз мәтінді және әлеуметтік желілерде негативті өңдеу;
Вебинар барысында сарапшы әлеуметтік желілердің қолжетімді құралдары арқылы аудиторияның назарын қызметіне қалай аудартуға болатыны жайлы кеңес береді.
Вебинарға қатысу үшін ҮЕҰ өкілдері, азаматтық белсенділер, бастамашыл топтар және басқа да мүдделі тұлғалар шақырылады.
Күні мен уақыты: 21 шілде (сейсенбі), 10:00-ден 12: 00 - ге дейін. Жалпы ұзақтығы: 2 сағат.
Қатысу тегін, сілтеме бойынша алдын ала тіркелу қажет. Қатысушылар саны шектеулі.
Өтінімдерді сағат 18.00-ге дейін (Нұр-сұлтан қ. уақыты бойынша) жіберулеріңізді сұраймыз.
Барлық сұрақтарыңыз бойынша Алматы қаласының азаматтық орталығына келесі байланыстар телефондарына хабарласыңыз : 8 (727) 3 410 411, 8 747 627 59 10 (Whatsapp) немесе info@civilcenteralmaty.kz – ке жазыңыз.
*Әлеуметтік желілерде біздің парақшаларымызға тіркеліңіз:
Instagram: Civilcenteralmaty; Facebook: @CivilCenterAlmaty; #CivilCenterAlmaty