«Отбасымен және балалармен заманауи әлеуметтік жұмыс жүргізудің психологиялық-әлеуметтік аспектілері» оқу бағдарламасы
Қайырлы күн, құрметті достар мен әріптестер!
«Отбасымен және балалармен заманауи әлеуметтік жұмыс жүргізудің психологиялық-әлеуметтік аспектілері» оқу бағдарламасы бойынша ұлттық тренерлер командасына іріктеужүргізу туралы хабарлаймыз.
Оқыту курсы ЮНИСЕФ-тің және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің және «Пособие плюс» әлеуметтік қызмет көрсетудің біріктірілген моделін ендіру жөніндегі пилоттық жобасы аясында «Балалары бар аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік тұрғыдан сүйемелдеу бойынша ЖАО-ның және жергілікті әлеуметтік қызметтердің әлеуеттерін арттыру» бағдарламасы шеңберінде әзірленген.
Оқу материалдары Oxford Policy Management (OPM) және P4EC («Әр бала үшін серіктестік») Consultancy Group, сондай-ақ осы жобаның үйлестірушісі – «Отбасы академиясы» отбасына кешенді қолдау көрсету орталығы» қоғамдық қорының сарапшылар мен тренерлер тобының қолдауымен дайындалған.
Тренинг бағдарламасы 8 модульден тұрады:
1. Отбасылар санаты мен олардың проблемалары
2. Клиенттермен сөйлесу негіздері
3. Әлеуметтік жұмыс қағидалары мен жағдайды басқару негіздері
4. Отбасы мен баланың қажеттіліктерін бағалау негіздері
5. Баланың әл-ауқатын бағалау
6. Отбасы ресурстарын іздеу және олармен жұмыс істеу
7. Отбасыға қолдау көрсету және сүйемелдеу
8. Кәсіби күю синдромының алдын алу және оны жеңу
Оқу 2020 жылғы 17 мен 21 тамызы аралығында өтеді: Тренерлерге арналған 5 күндік (3 сағаттан) онлайн-тренинг (ТоТ), тренинг алдындағы 1 онлайн-кездесу, аралық және қорытынды тапсырмалар.
Тренингтер әлеуметтік жұмыс пен әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы мамандар мен тренерлерге есептелген. Біз кәсіптік білімі мен әлеуметтік жұмыстағы практикасын жетілдіруге ұмылатын өз ісінің ынталы кәсіби шеберлерін іздейміз.
Біздің көздеген түпкі мақсатымыз – бүкіл Қазақстан аумағындағы әлеуметтік қызметтердің жұмысшыларына қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылармен және балалармен табысты жұмыс істеу үшін қажетті негізгі білімдер мен дағдыларды алуына (негізгі біліктілікті қалыптастыруға) мүмкіндік беру.
Бұл курста сіз әлеуметтік жұмыс негіздерінен – кәсіби әдеп, отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу қағидалары мен технологияларынан бастап, отбасы мен баланың қажеттіліктерін бағалайтын, отбасы проблемаларын талдайтын, отбасы ресурстарын анықтайтын нақты құралдарға, клиенттермен қарым-қатынас жасау тәсілдері мен
ережелеріне дейін білім жинақтайтын боласыз. ТоТ оқуынан өткен соң қатысушылар Халықты жұмыспен қамту орталықтарында, Отбасына қолдау көрсету орталықтарында және қиын өмірлік жағдайда қалған отбасылармен
жұмыс істейтін мекемелерде қызмет атқаратын әлеуметтік жұмыс жүргізуші мамандарға тренинг өткізулері тиіс.
Тек оқыту курсынан өтіп, өз өңірлерінде тренинг өткізген қатысушылар ғана тренер ретінде сертификатталады және ЮНИСЕФ сертификатын алады.
Тренерлерге арналған онлайн-тренингке қатысу үшін келесі сілтемедегі электрондық өтінімді толтыруыңыз керек. Қазақ тіліндегі сауалнаманы мына жерде толтыруға болады: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfRQx7LE4YBgvq3TSjXRqDYMavwhgRoViAFHQdArosOzd-13g/viewform
Орыс тіліндегі сауалнаманы мына жерде толтыруға болады:https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSci0JxV6VSGMaW48oIWh4bqTP8SJnhfGOcuo2DYbqGjTTToow/viewform
Егер сізді осы оқу қызықтырса, онда мына форманы толтырып, оны бізге2020 жылғы 7 тамызға дейін жіберіңіз.
Егер қандай да бір сұрақтарыңыз немесе күмәндарыңыз болса, бізге мына электрондық пошта арқылы хабарласыңыз:happychild.kz@gmail.com
Осы тренингтегі орындар саны шектеулі, сондықтан тренингке қатысуға кейбір үміткерлер шақырылмауы мүмкін.
Қызығушылық танытқаныңыз үшін алғыс айтамыз!