Абайдың 175 жылдығына арналған "Мүшайра" республикалық жас ақындар конкурсын ұйымдастыру бойынша іс - шаралар кешенін өткізу

  • 29 - Маусым, 2020 жыл.

"Педагогикалық Ғылымдар академиясы" қоғамдық бірлестігі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша және "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ қолдауымен ағымдағы жылдың маусым мен қараша аралығында "Абайдың 175 жылдығына арналған "Мүшайра" республикалық жас ақындар конкурсын ұйымдастыру бойынша іс - шаралар кешенін өткізу" әлеуметтік жобасын жүзеге асырады.

Жобаның мақсаты 16-29 жас аралығындағы жастарды ынталандыру, қазіргі заманғы әдебиет пен журналистиканы насихаттау, жас жазушылар мен ақындардың шығармашылық әлеуетін қолдау және дамыту болып табылады.

Жоба шеңберінде келесі іс-шаралар іске асырылады: жас ақындар мен жазушылардың жаңа есімдерін анықтау, олардың шығармашылығын қолдау; инстаграмда викториналар өткізу арқылы жастарды рухани байыту және мемлекеттік тілді танымал ету; жастардың шығармашылық ізденісін арттыруға жәрдемдесу, 17 өңірде қазақ тілінде кәсіби әдеби жазба дағдыларын үйрету арқылы жас жазушылардың, ақындардың, журналистердің және жастардың басқа да санаттарының шеберлігін арттыру бойынша тренингтер өткізу; тәуелсіз елдің жетістіктерін, оның тарихи өткенін және жарқын болашағын дәріптеу мақсатында 14 облыста және Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында "Мүшайра" жас ақындарының іріктеу конкурстарын өткізу; белгілі жазушылар мен ақындардан "Қалай жазу және өз талантын ашу" атты кездесулер мен мастер-класстар өткізу; жас ақындардың өмірбаянымен ақпараттық жинақ жасау және жас ақындардың сауалнамалық деректерін жинау.

Өңірде бөлінген іс-шараларды сапалы іске асыру, әлеуметтік жоба мәселелері аясында іске асырылып жатқан іс-шаралардың аймақтық контекстін БАҚ-та жариялау үшін Сізден көмек және қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз.

Ақпарат алу үшін:  8 (727) 313 18 14

Орын.: Жарменова., 8701 267 39 93




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін